"ӘДЕБИЕТ КҮНІН" БЕЛГІЛЕП, "ӘДЕБИЕТ ЖЫЛЫН" ЖАРИЯЛАУ КЕРЕК
Менің ойымша, бізге ұлттық әдебиет күні керек. Неге, себебі әрбір халықта оның рухани және әдеби байлықтарды, үлкен жетістіктер мен бағындырған шыңдарды қамтып көрсететін ұлы тұлғалар мен әдеби шығармалар бар. Қазақ ұлттық әдебиет туралы сөз қозғасақ, біріншіден Қыз Жібек эпосы, сосын ұлы Абай есімізге түседі. Қыз Жібек эпосы біздің тарихымыздың бейнесі болса, ұлы Абай біздің мәдениетіміздің жарқын бейнесі.
Кезінде ұлы Абай "ғылым таппай мақтанба" деп бізді қазақтарды еурапалық ғылымдарды үйренуге шақырған, оның осы өсиеті әлі өз мән-мағынасын жоғалтқан жоқ. Өз заманында ұлы Абай әлемдік әдебиеттің қазыналарын аударып бізді әлемнің мәдениетіне қатыстырған. Осы Абай атамыз кезінде бізді Гете мен Пушкиннің шығармаларымен таныстырды, мәселен Татьянаның Евгений Онегинге жазылған хаты қазір біздің ең сүйікті әндеріміздің бірі. Яғни Абай өз өмір жолымен қай жаққа қарай жылжуымыз керек екенін (білім, ғылым мен мәдениет) көрсетіп берді.
Біз қазақстандықтар, қазақ халқының рухани байлығы мен әдебиетімен мақтануға толық құқылымыз. Біздің ұлттық мәдениетіміз біздің елімізбен бірге өскен және нығайған. Ол біздің халқымыздың тарихын, үміттерін және армандарын қамтып көрсеткен, сонымен қатар қоғамда тәрбиелік және ағартушылық рөлін атқарған. Біздің әдебиетіміздің көзқарасымызды кеңейткен, әлемнің ұлы ойшылдар мен жазушыларының туындыларымен және басқа халықтардың мәдениетімен таныстырған. Біздің әдебиет халқымыздың рухани әлемін байытып, ұлттық мәдениетіміздің және өнеріміздің дамуының ең басты негізі болып қызмет еткен.
Жүздеген жазушылар біздің ұлттық әдебиетіміздің дамуына өз үлесін қосқан. Ілияс Есенберлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов және тағы басқалардың арқасында ұлттық әдебиетіміз жоғары деңгейге көтеріліп, дамыды.
Менің ойымша, мемлекет біздің халқымыздың рухани мұрасын сақтауға және зерттеуге ерекше көңіл бөлу керек. Мемлекеттік тілді дамыту үшін нақты қадамдар жасалуы тиіс деп білемін. Мемлекет көркем әдебиеттің дамуын және кітәп шығаруды қолдау керек. Негізгі әлемдік тілдерге қазақ әдебиетінің классиктерінің туындыларын аударуға міндеттіміз. Мәдениет министрлігін осы жұмысты қолға алуды сұраймын. Мен осы атаулы күн аясында шетелдегі қандастарымыз тұратын жерлерде біздің жазушыларымыздың шығармашылық кештерін, оқырмандармен кездесуін ұйымдастыру керек деп ойлаймын, өйткені отаншылдық құндылықтарды тек біздің елімізде ғана емес, шетелдегі қандастарымыздың арасында да насихаттау керек.
Біз жас дарынды жазушылар мен ақындарға көмектесуге тиіспіз деп білемін, жас дарынды жазушылар мен ақындарды марапаттау үшін арнаулы мемлекеттік сыйлық жариялау керек. Сонымен қатар, біздің шетелдегі қандастарымыздың арасында да дарынды жазушылар мен ақындар бар, яғни біз олардың туындыларын жарыққа шығарып онымен отандық оқырманды таныстыруға тиістіміз. Қазақ әдебиетінің қлассиктерінің мұрасын насихаттау үшін біз көптеп шығармашылық кештерді, дөңгелек үстелдерді, ақындық фестивальдарды, кітаппен таныстыруларды өткізуіміз керек, біз халықаралық кітап жәрмеңкелеріне белсенді қатысып, сол жақта қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармаларын насихаттаумыз керек. Отандық әдебиетті кең насихаттау үшін әдебиет жылын өткізу өте пайдалы болар еді, сондықтан әдебиет жылын жариялау керек. Бізге әдеби жоспарларға жаратылатын мақсатты гранттарды төлеуді ұйымдастыру керек. Ақпаратты қолжетімділігін арттыру үшін біз елімізде көбірек кітапханаларды салуымыз керек деп ойлаймын. Мәдениет және спорт министрлігінен осы жұмыстарды қолға алуды сұраймын.
Қазіргі жаһандану, тынышсыз кезеңде, интернет кең пайдаланатын кезеңде біздің ұлттық әдебиеттің алдында үлкен жауапты міндеттер тұр. Ол халыққа шындықты жеткізу, халқымызды Отан үшін ерен еңбек етуге, елімізді дамытуға шабыттандыру және де халқымызға үміт пен сенім беру. Біз және бүкіл өркениетті адамзат мақтан тұтатын жаңа туындыларды, жаңа дарынды әдебиетшілерді күтудеміз.
Біз қазіргі буын, өз әдебиетімізді, мәдениетімізді, бабаларымыздың рухани мұрасын біліп құрметтеуге тиістіміз және әрқашанда біздің әзіз бабаларымызды істерінің лайықты жалғастырушы болуымыз міндеттіміз деп есептеймін. Біз ұлы Абайдың ең негізі өсиетін орындауға тиістіміз, ол еліміздің бірлігін және халқымыздың біртұтастығын көзіміздің қарашығындай сақтау. Біздің халқымыздың көптеген буындары ғасырлар бойы армандаған мықты, әлеуметтік, өркениетті, дамыған мемлекетті құруға міндеттіміз!
Рүстем Досымқұлов
Abai.kz