Егіс көлемі артумен келеді
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысының дихандары 470 мың тонна астық бастырды. Орташа түсімділік – 22 центнер. Бұл еліміз ьәуелсіздік алғаннан бергі ең жоғарғы, яғни рекордтық көрсеткіш. Әрине, бұл дихан қауымның ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына деген зор сыйлық болғаны сөзсіз.
Егістікті қажеттілікке қарай әртараптандырудың арқасында 2016 жылы мақтаның егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10,4 мың гектарға артты. Болжамдалған өнімділік 25,3 ц/га түсіп, 281,0 мың тонна өнім алынды.
Сонымен қатар, 963 тонна көкөніс, 1413 тонна бақша, 277 мың тонна картоп жиналды. Таратып айтар болсақ, 2015 жылы облыста дәнді дақылдар 255 мың гектарға егілсе, биыл 260,4 мың гектарға жетті. Сондай-ақ, майлы дақылдар 78,6 мыңнан 80,6 мпың гектарға, мақта – 98,6 мыңнан 109,6 мың гектарға, картоп – 14,8 мыңнан 15,3 мың гектарға, көкөніс – 36,5 мыңнан 40,3 мың гектарға, жеміс-жидек 14,2 мыңнан 14,8 мың гектарға, жүзім 7,5 мыңнан 7,9 мың гектарға дейін артты.
Айрықша айтып өтер жайт - жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелер көлемінің жылдан-жылға ұлғаюы. Мәселен, 2008-2016 жылдар аралығында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың гектардан 30,0 мың гектарға жеткізілді. Оның ішінде 2100 гектар жартылай аласа бойлы мол өнім беретін интенсивті алма баулары отырғызылды. Ағымдағы жылы жеміс-жидек дақылдарының әр гектарынан 85,0 ц/га, жүзімнен - 79 ц/га. өнім алынды. Оны тоннаға шаққанда жеміс-жидек 125 мың тоннаға, жүзім 63 мың тоннаға жетеді.
Abai.kz