Оңтүстік Қазақстанда тұрақтандыру қорының тауарлары саудалануда
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер Шымкент қаласында сенбі және жексенбі күндері өтетін жәрмеңкеде, облыстың аудандары мен қалаларында сатылуда. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оңтүстік тұрғындарын әлеуметтік тауармен қамту және бағаны қолдан көтеру сынды жайттарды жою мақсатында құрылған, тұрақтандыру қоры арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша тауарлардың келесі бағада беріліп жатқандығын хабарлайды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіз 30-35 кг. дейін 1 келісін 65 теңгеден, ал құмшекердің келісі – 220, күнбағыс майы 1 литрі - 350, 5 литрі - 1750 теңгеге саудаланып отыр.
Айта кетейік, Шымкентте сенбі күні жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі «Қажымұқан» стадионында ал, жексенбі күні Арғынбеков көшесі, «Рахима Плаза» ойын-сауық кешенінде өтеді. Сонымен қатар, сатып алуға өтінімдер беру үшін байланыс телефондары да жұмыс жасайды.
Сату бойынша маман: Р. Есенбаев +7 (7252) 99-70-98, +7 701 505-12-88. Мекен-жайы: Шымкент қ., Қонаев гүлзары №48 («Оңтүстік» бизнес-орталығы), кабинет 15.
Abai.kz