Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Өз сөзім... 3562 0 пікір 21 Қараша, 2016 сағат 06:54

ЖЕЛТОҚСАНШЫ СӘБИРАҒА МЕКТЕП АТЫ БЕРІЛСЕ...

Қадірлі Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза!

Сізге хат жазуыма Алматы облысы, Қарасай ауданындағы біраз мектептердің әлі күнге Пушкин, Лермонтов, Белинский, Макоренко, Ушинский, Толстой, Ломоносов деп аталып келе жатқандығы себеп болып отыр. Бірақ, сөйте тұра Желтоқсан көтерілісінің батыры Сабира Мұхамеджанованың атында Қазақстан бойынша әлі күнге бір мектеп те  жоқ екен.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай осы мектептердің бірінің атын Сәбира Мұхамеджановаға беріп, өзге оқу орындарының атын қазақ тұлғаларының аттарына ауыстырсаңыздар екен деген тілегім бар.

Қазақта  ұрпаққа үлгі болар тұлғалар көп.

Тәуелсіз ел ұрпағы аталарын құрметтеп өссін деген тілек бұл.

Құрметпен, Айман Сағидулла, «Ағартушы» қоғамдық қозғалысының мүшесі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159