Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2790 0 пікір 17 Қараша, 2016 сағат 16:59

ОҚО-ға жұмыс сапарымен Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушілері келді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ «Даму» бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мырзамен кездесті.


Делегация мүшелерімен болған жиында ҚР Үкіметі мен БҰҰ Бірлескен бағдарламаларын іске асыру барысындағы жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау, өңірлік ынтымақтастық, аумақтық даму және тиімді басқару аясындағы жобалар жайы қаралды. Жоғарыда аталған жобалар бүгінде облыста жүзеге асырылып жатқанын айтқан әкім халықаралық деңгейде тәжірибесі мол ұйыммен әрбір бағыт бойынша бірлесе жұмыс жасап, одан әрі дамыту өңіріміз үшін тиімді болатынына сенім білдірді. 
«Баламалы энергия саласын дамыту бағытында 27 жоба іріктеліп, 10 жоба нақты жүзеге асуда. Ал энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен облыс әкімдігі және «Шымкент-цемент» АҚ арасында үш жақты келісім жасалды. Бұл өз кезегінде бес жыл ішінде энергия тұтынуды 15 пайызға азайтуға мүмкіндік беретін болады»,-деді облыс әкімі. 

Отырыста БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметі үлкен қолдау білдіріп отырғанын айтып, бүгінде бірқатар жобалар республика өңірлерінде сәтті іске асып жатқанын жеткізді.

«Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жоғарыда аталған жобалар табысты жұмыс жасап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды Оңтүстік өңірінде де іске асыруда бірлесе жұмыс жасауға ниеттіміз. Мәселен, Шымкент осы бесжылдық жоба аясында іріктеліп алынған 15 пилоттық қалалардың бірі болып табылады. Осындағы қала инфрақұрылымы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика, көлік сынды жобаларды анықтауға, оларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге дайынбыз»,- деді Норимаса Шимомура. 

Оңтүстік Қазақстан - халқы көп облыс болғандықтан проблемада жоқ еместігіне тоқталған аймақ басшысы, алдағы уақытта ұсынылған бағдарламалар бойынша тығыз байланыста жұмыс жасалатынына сенім білдірді. 

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген делегаттар облыстағы қолөнер орталығының жұмысымен танысып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетімен бірлескен «БҰҰ еріктілер бағдарламасы» жастар форумына қатысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3264
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5594