Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Жаңалықтар 3406 0 пікір 16 Қараша, 2016 сағат 09:23

Порошенко Трамппен телефон арқылы сөйлесті

Украина президенті Петр Порошенко АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Украина президентінің сайтында хабарланды.

Порошенко Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, стратегиялық әріптестікті нығайту үшін жаңа әкімшілікпен белсенді араласуға дайын екенін білдірді.

Президент Порошенко ресейлік агрессияға қарсы тұру және реформаларды жүзеге асыру үшін Вашингтонның Украинаны қолдауы өте маңызды екенін атап өтті. Президенттер алдағы уақытта да тығыз араласып тұруға, тіпті кездесу өткізуге уағдаласты.

Порошенко Трампты қолайлы бір уақытта Украинаға сапарлап келуге шақырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 746
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1045