Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Аласапыран 8325 0 пікір 15 Қараша, 2016 сағат 10:19

БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИН ҰСТАЛДЫ

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро Central Asia Monitor және Radiotochka.kz басылымдарының Бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ұлттық бюро баспасөз қызметіне cілтеме жасай отырып.

Қазір Бигелді Ғабдуллин ұсталып, Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық қудалау органы Ғабдуллинді өзіне бағынышты ақпарат құралдарында «мемлекеттік орган басшыларына қатысты олардың іскерлік беделін түсіретін жағымсыз материалдарды жариялау арқылы ақпараттық шабуылдарды үдетіп, сынды доғару үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыс алып келген» деген мәлімет таратты.

Ведомство сондай-ақ, кейбір шенеуніктердің Ғабдуллиннің мүддесін жүзеге асыруға, мемлекеттік тапсырыс туралы келісімдерге қол қоюға ықпал еткенін мәлімдеді. «Содан кейін (мемлекеттік тапсырыс туралы келісімнен кейін – ред.) ғана олардың қызметі туралы жағымды материалдар жарияланған. Мәселен, Жамбыл облыстық әкімдігінен ол 10 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысын бопсалаған. Осындай жолмен Ғабдуллинге тағы жеті мемлекеттік орган ақша аударған», - делінген хабарламада.

Бұған дейін салық төлеуден жалтарды, алаяқтық жасады деген айыппен Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, «ҚазТАГ» ХАА басшысы Әсет Матаев қуғындалып, С. Матаев алты, Ә. Матаев бес жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1958