Дүйсенбі, 26 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4664 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 17:27

«Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді

2017 жылдың 20-23 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында орналасқан «Алатау» дәстүрлі өнер театрында

Ұлыстың Ұлы күні құрметіне «Мәгілік ел» жыр фестивалі өтеді.

20 наурыз күні «Дін-мұсылман аманда» атты діни-рухани жыр-термелер кеші, 21 наурыз күні «Тұлпар мініп, ту алған!» атты ұлт-азаттық сарындағы жыр-толғаулар, 22 наурыз күні «Атымды Адам қойған соң...» атты адамгершілікті, ізгілікті жырлаған жыр-терме, толғау-дастандар орындалады деп күтілуде.

Шараға Алмас Алматов, Берік Жүсіп, Ұлжан Байбосынова, Жәкен Омаров, Ерболат Шалдыбек, Күнсұлу Түркпенова, Фархат Оразов және т.б. Қазақстанның әр өңірінен келетін жыршы- термешілер қатысады.

Билеттер «Алатау» дәстүрлі өнер  театрының касасында сатылады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2901
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4632