Бейсенбі, 15 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3892 0 пікір 16 Наурыз, 2017 сағат 10:30

Елдегі ең парақор ведомстволар белгілі болды

Әкімдіктер ең парақор құрылымдар. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді. Бұл туралы "saigez.kz" сайты жазады.

“Ең көп пара алатындар – әкімдіктегілер, ішкі істер қызметіндегілер, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті. Осы құрылымдарда парақорлық жайлап тұр, бұларға қарсы ескерту мен профилактикалық шаралар қолдану қажет”, – деді Шпекбаев.

Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру керек және мемқызметте жүргендердің жалақысын өсіру қажет.

“Бірінші кезекте оларда экономикалық мотивация болуы тиіс. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізбеген басшыларға талапты күшейтіп, шара қолдану керек”, – деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2604
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4269