Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 8113 1 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 16:51

ТАШКЕНТТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫ

Жуырда Өзбекстан Республикасы Статистикалық комитетінің халық санағы бойынша мәліметтері жарияланды. Онда 2017 жылдың 1 қаңтарында көрші мемлекет халқының саны 32 млн 121 мыңға жеткені хабарланды. Осы мәлімет бойынша жергілікті халық – өзбектер 1-орынды иеленген. Бұрын 2-орыннан мызғымай келген орыстар 4-орынға түскен. Ал 2-орынға тәжіктер, 3-орынға қазақтар орналасқан. Бүгінгі таңда Өзбекстандағы қазақтар саны – 1 млн 093 мың.

Өзбек елінің кейбір шаһарларында – Ташкентте, Науайыда, Нүкісте, Жызақта Қазақ мәдени орталықтары жұмыс істейді. Бұдан басқа, елдегі бірқатар ірі оқу орындарында – Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіндегі, Науайы педагогикалық институтындағы, Нүкіс мемлекеттік университетіндегі қазақ филологиясы факультеті немесе қазақ тілі және әдебиеті бөлімінде қазақ студенттер қазақ тілінде білім алуда.

Алайда, соңғы жылдарда Өзбекстандағы ең жасы үлкен оқу орындарының бірі – Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіндегі (ТашМПУ) жағдайды жақсы деу қиын. Университетте (бұрынғы педагогикалық институт) жарты ғасырдан аса жұмыс істеп келген қазақ филологиясы факультеті қазір шет тілдер факультетінің қазақ тілі және әдебиеті бөліміне айналдырылған.

2016-2017 оқу жылында ТашМПУ жаңа мекенжайға көшуіне байланысты шет тілдер факультеті құрамындағы қазақ тілі және әдебиеті кабинетіне небәрі бір бөлме берілген. Аумағы 20 шаршы метр ғана бөлмеде барлық кафедра мұғалімдері сығылысып жұмыс істеуге мәжбүр. Ол ол ма, кабинетке қазақ ақындарының, жазушыларының, ғүламаларының портреттерін іліп қоюға ректорат қатаң тыйым салыпты. Ең өкініштісі, жаңа оқу жылында қазақ тілі және әдебиеті бөліміне студенттер қабылданған жоқ. Бүгінде педуниверситеттің қазақ тілі және әдебиеті бөлімінің 2-3-4-курстарында небәрі 52 студент оқиды. Студенттердің аздығына байланысты кафедраларда штат қысқартылуда. Қазір бөлімде 3 мұғалім қалған. Бір кездерде жастарға барлық оқу пәндерінен қазақ мұғалімдер сабақ берген болса, бүгін басқа кафедралардан келген мұғалімдер студенттерге өзбек тілінде сабақ беруде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036