Жұма, 22 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 9734 0 пікір 14 Наурыз, 2017 сағат 12:40

БИЛІКТЕ КАДР ТАПШЫЛЫҒЫ ТАҒЫ БАЙҚАЛДЫ

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының жаңа әкімін тағайындады. Ол ҚР Премьер-министрдің бұрынғы кеңесшісі Ерлан Жақанұлы Қошанов. 

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы облыстық мәслихат сессиясына қатысқан. Бұған дейін облыс әкімі орынтағы Нұрмұхамбет Әбдібековке тиесілі болып келген. 

Қошанов Қарағандының өз баласы. 1962 жылы 14 тамызда дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтының Жезқазған филиалын (1984) инженер механик мамандығын тәмәмдаған, Кейінірек КСРО Сыртқы сауда академиясы жанындағы жоғары коммерциялық мектепті (1991) және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (1999) бітірген, мамандығы бойынша - экономист. Мемлекеттік құрылымдағы тәжірбиесіне қарасақ, әр жылдары комитет басқарған, вице-министр болған премьердің көмекшісі болған.

Астана атына мінген бе, әйтеуір ауыс-түйіс басталды. Кейбір болжамдарға сүйенсек, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қызметінен кетуі бек мүмкін. Маңғыстау жұртына басшылық қызметке "Нұр Отанның" бірінші хатшысы Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхамед барады-мыс.

Әкімдің креслода тапжылмай отырудан өзіндік рекорд орнатқан латифундист әкім Сергей Кулагин де жақын арады жұмыссыз қалатын көрінеді. Оның орнына Ақмола облысын Құмар Ақсақалов басқарады деген болжамдар айтылуда.

Әзірге бізге белгілісі Қарағандыдағы ауыс-түйіс. Дегенмен Елбасының пәрменімен жасалып жатқан ауыс-түйіске назар аударсақ, кадрлық "тапшылықтың" лебі сезілетін секілді. Бұл туралы саясаткерлер не дейді?

Әміржан Қосанов, саясаткер:

- Кадрлық тағайындауларға тоқталатын болсақ, бұл біріншіден қызық жағдай. Орыстар айтатын "утечканың" шығып кетуі тосын жай. Қай облысқа қандай әкім тағайындалатыны туралы алдын-ала ақпараттың БАҚ-та немесе басқа жерлерде жарияланып кетуі бір жағынан қауіптілеу. Себебі, біздегі топаралық талас-тартыстың өршуіне себеп болатын дүние. Мен Үкіметте жүрген кезде есімде, Елбасы жарлық қойып, ол факт БАҚ-та жарияланбай елге мәлім болып,ал ертесі күні біз күтпеген мүлде басқа адам лауазымды қызметке тағайындалып жататын кездер болған.

Екіншіден, бұл Елбасының кадрлық саясаты жайлы айтар болсақ, еш жаңалық жоқ. Сол айналымдағы кадрлар. Риторика ғана жасалады, ал нәтиже сол баяғы жартас бір жартас. Бір әкім келеді, бірі кетеді. Одан өзгеріп жатқан не бар?.. Жаңа келген әкім өзінің бағдарламасын неге елдің алдында таныстырмайды? Неге істеген жұмыстары туралы қорытынды есеп бермейді? Келеді, кетеді. Бұл физикадағы "броундық қозғалыс" секілді ғой. Бей берекет ауыс-түйіс. Мемлекеттің аймақтық саясатына өзгеріс әкелетін бір кадр жоқ.

Түйін. Бұл арада біраздан бері басы даудан арылмай келе жатқан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің де жұмсақ креслосы босайтын көренеді. Оның орнына Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мырза барады деген болжамдар айтылуда.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332