Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3182 0 пікір 13 Наурыз, 2017 сағат 18:58

Өзбекстан президенті Қазақстанға 22-23 наурызда ресми сапармен келеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Астанаға 22-23 наурызда келеді. Осылай деп Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов мәлімдеді. Ол Өзбекстан президентінің сапарынан кейін, Астанада Орталық Азия елдерінің бірқатар басшыларының кездесуі өтетінінен хабардар етті.

Осының алдында БАҚ Мирзияев бірінші ресми сапарын Астанадан бастайды деген еді. Бірақ 6-7 наурызда Мирзияевтың мемлекеттік сапары Түркіменстаннан басталды. Өзбекстан президенті мен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесін талқылады.

Үкімет сағатында сөйлеген көзінде сыртқы істер министр Өзбекстан басшысының сапары аймақ елдерінің "трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында" бірлігі жақсы екенін кезекті рет айғақтайтынын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1215
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1375
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 1346