Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2893 0 пікір 13 Наурыз, 2017 сағат 18:57

Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілінен көңілі қалғанын әрі қарым-қатынасты жақсарту үшін ешқандай алға жылжу жоқ екенін мәлімдеді.

CNN телеканалына берген сұхбатта Песков өткен жылы сайлау кампаниясы кезінде Трамп Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін мәлімдегенін еске салып, "өкінішке қарай, бұл диалогтың қашан басталатынын түсінбей отырмыз" деді.

АҚШ-та арнайы қызметтің Ресейдің президенттік сайлау кампаниясына араласуы мүмкіндігі қызу талқыланып жатыр. ФБР Трамп көмекшілеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ақ үйден Ресей елшісімен кездескенін жасырғаны үшін, отставкаға кетті.

Ресейдің сайлауға араласуы мүмкіндігін конгрестің бес комитеті қатар тексеріп жатыр. Песков бұл жәйттердің бәрін "истерия" деп атады. "Біз мұның бәрі болашақта екі жақты қарым-қатынасқа сызат түсіреді деп есептейміз әрі бұл истерияның бәрінің аяқталғанын қалаймыз", - деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440