Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3788 0 пікір 3 Наурыз, 2017 сағат 17:36

Конституциялық кеңес шешіміне президенттің қарсы шығуына жол бермейтін механизм енгізіледі

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы болып өтті. Күн тәртібінде - Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы заң жобасы. Құжат перзиденттің бірқатар құзыретін парламент пен үкіметке беруді қарастырады.

Заң жобасы референдумсыз - парламент арқылы қабылданатынын Назарбаев 1 наурызда Астанада билік құзыретін бөлу жиналысында мәлімдеген еді. Оның пікірінше, заң жобасы билік жүйесіне "болмашы өзгерістер" енгізеді, сол себепті референдум ұйымдастырудың қажеті жоқ.

Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының басшысы Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, заңға үкіметтің президентке емес, жаңадан сайланған парламент мәжілісіне билігін тапсыруы туралы өзгерту енгізіледі. Мемлекет басшысы үкімет пен премьер-министрдің актілерінің күшін жоя алмайды. "Ол актілердің жауапкершілігін үкімет өзі арқалайды", - деді Жақсыбеков.

Республика президенті "азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мемлекеттің тұтастығы мен егемендігін сақтауға мүдделі".

Конституциялық бақылауды күшейту мақсатында, заң жобасында Конституциялық кеңес шешіміне президенттің қарсы шығуына жол бермейтін механизм енгізіледі, деді Жақсыбеков.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1534
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3314
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6007