Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Жаңалықтар 4432 0 пікір 2 Наурыз, 2017 сағат 15:55

Димаш Құдайберген: Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын

Димаш Құдайберген атақты Men's Health журналының Қытайдағы түпнұсқа басылымына сұхбат беріп, бастапқы бетіне шықты.

Желіде ерлерге арналған журналдың наурыз айындағы нөмірінің превью нұсқасы пайда болды. Онда Димаштың сұхбаты алғашқы бетіне жарияланған.

Қазақстандық әншіге арналған мақала "Мен қазірдің өзінде жеңімпазбын" деген тақырыппен жарыққа шығады. Бұл сөздерді Димаш өзінің сұхбатында айтыпты.

Сонымен қатар, басылымның ішкі беттерінде жас әншінің қымбат көліктің жанында түскен суреттері де жария болды.

Журналдың наурыз айына арналған нөмірі жақын арада сатылымға шығады. Алайда, ол тек қытай тілін білетін азаматтарға ғана қолжетімді.

Димаштың бұған дейін де Southern Metropolis Daily секілді қытайлық танымал басылымдарға шығып жүргенін айта кеткен жөн болар.

Abai.kz


0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2759
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4497