Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 6365 0 пікір 1 Наурыз, 2017 сағат 15:59

АСҚАР ҰЗАБАЕВ NINETY ONE ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРМЕК.

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Ұзабаев шыққандарына бір жылдан енді ғана асса да ерекше танымалдылыққа ие болған Ninety One туралы кино түсірмек. Жуырда ғана «Келинка тоже человек» фильмінің тұсаукесерін өткізген режиссер Асқар Ұзабаев өзінің алдағы жоспарымен бөлісті.  

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

“Біз Ninety One тобы туралы фильм түсіреміз. Қазіргі таңда сценарий жазылып жатыр. Бұл топ туралы толығырақ білгісі келетін фанаттар мен адамдар келесі күзде киноны тамашалай алады. Бұл деректі фильм емес, бұл балалардың топқа қалай келгендігін баяндаған әңгімесі негізінде түсіріледі”, – деді Ұзабаев.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда Ұзабаевтың “Келинка тоже человек” фильмінің тұсаукесері өткен болатын. Қазақстандық кинокомедияның түсірілім уақыты небәрі 21 күнді құрапты.

Ал Ninety One тобы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған. Топ құрамында Азамат Зенкаев, Батырхан Мәліков, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Кулумшин бар.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1164
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2690
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 805
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 778