Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 5972 0 пікір 28 Ақпан, 2017 сағат 15:51

ЕЛІМІЗДЕГІ ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНАТЫН ҰСТАЗДАР САНЫ 175 МЫҢНАН АСТЫ

Ұстаздарға электронды күнделік пен қатар қағаз күнделік толтыруды мәжбүрлейтін басшылықпен Ерлан Сағадиевтің өзі сөйлеседі. Білім және ғылым министрі Үкімет отырысында осылай деді. Яғни мұғалімдер қайсысы ыңғайлы соны пайдалануы керек. Айта кеткен жөн, бүгінде «Электронды күнделік» жүйесін қолданатын ұстаздардың саны 174 мыңнан асты. 1,4 млн оқушы мен 800 мыңнан астам ата-ана да бұл жүйенің көмегіне жүгінеді екен. Электронды жоба тегін. Алайда, кейбір қызмет түрлері ақылы.


Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі: - Қосымша ақша төлейтін сервистер берілген, бірақ сервистер ата-аналарға керек болмаса, онда оны сол сервистерге сатып ал деп ешкім қинап жатқан жоқ. Ол біріншіден. Екіншіден, қазір бізде бірнеше өзіміздің процедурамыз бар. Ең алдымен комиссия құрып, комиссия әр компаниялармен сөйлесіп, сол компаниямен бір келісімге келеді. Сол күні біз мектептерге күнделікті ашық түрде енгізе бастаймыз. Бұдан бөлек министр оқушыға лық толған сыныптардың жайын да сөз етті.

 «Мәселен 11-сыныпта 220 мың бала білім алса, 1-сыныптағы оқушылардың саны бұдан 2 есе көп. Бұл мәселені шешу үшін былтыр102 мектеп салынған. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр. Дегенмен, ауылдан қалаға көшіп жатқан оқушылардың саны артып, бала туу көрсеткіші өсіп жатқандықтан олқылықтарды түбегейлі жою мүмкін болмай тұр. Ал ұстаздардың жалақысын көтеру мәселесі келер жылдан бастап біртіндеп шешеміз», - деді министр.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036