Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2832 0 пікір 20 Ақпан, 2017 сағат 09:57

Райнс Прибус "ресейлік агенттермен байланыс" туралы ақпаратты жоққа шығарады

Ақ үйдің аппарат басшысы Райнс Прибус Дональд Трамптың сайлауалды штабы қызметкерлерінің ресейлік арнайы қызметпен байланысы болды деген ақпарат жөнінде ештеңе білмейтінін мәлімдеді. NBC телеканалына берген сұхбатта Прибус "Біз ресейлік агенттермен байланыс туралы ақпарат жөнінде ештеңе білмейміз" деді.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болған Майкл Флиннің Ресей елшісі Сергей Кислякпен байланысы болғаны жөнінде Прибус Флинн басшылықтан телефон арқылы келіссөз жүргізгенін жасырып келді деді. Прибус сонымен бірге 14 ақпанда New York Times газетінде жарияланған "ресейлік агенттермен байланысты зерттеу тек ғана Флиннге қатысты емес, Трамптың айналасындағы адамдарға да қатысты" деген мақалаға да пікірін білдірді. Сенбі күні бұл ақпаратты Reuters агенттігі растаған.

New York Times газетінің мәліметі бойынша, америкалық барлау қызметі республикашылдар өкілдерінің штабы Ресейдің барлау қызметі мен жоғары лауазымды тұлғалары өкілдерімен телефон арқылы байланысып отырғанын жазып алған. Олар 2016 жылдан бері байланысып келген. Бұл жөнінде америкалық Politico басылымы және британдық BBC-де хабарлап отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406