Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3206 0 пікір 17 Ақпан, 2017 сағат 13:51

Бишімбаевтың адвокаттары мәлімдеме жасады

Миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті БАҚ өкілдері мен журналистер. Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлына қатысты тергеу жайлы материалдар белсенді түрде таралып жатыр. Бұл мәлімдемеге жарияланымдардың айыптау сипатында жазылып жатқаны себеп. БАҚ-тар мен ТВ сюжеттерінде шынтуайтында Қ.У. Бишімбаев қылмыс жасаған және бұл бекітілген дерек ретінде айтылып отыр", - делінген мәлімдемеде. 

Алайда, адвокаттардың айтуынша, бұл қылмыстық іс тергеу сатысында және соталды өндіріс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, адвокаттар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес (19-бап), адам өзінің кiнәсi анықталған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері (әрекеттері немесе әрекетсіздігі) үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа жататынын еске салады. Сондай-ақ, Ата заңның 77-бабына сәйкес, адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептелетіні айтылады. 

"Ешкім де қандай да бір ісі бойынша сот арқылы дәлелденбейінше, айыпты болып есептелмейтінін атап өтеміз", - дей келе адвокаттар "Жоғарыда аталған және оларға ұқсас материалдарды апелляцияға жатпайтын және айыптау сипатындағы материалдар деп білеміз, онда қорғауымыздағы азаматтың кінәсі дәлелденгендей сипат бар, бұл қоғам алдында қорғауымыздағы азамат туралы жағымсыз пікір қалыптастырады. Қуандық Уәлиханұлына қатысты мұндай мәліметтерді тергеу аяқталмай тұрып, сот қарамай жатып, таратуға жол жоқ екенін айтқымыз келеді", - деп, ескерту жасады.

"ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңының 25-бабын негізге ала отырып, азаматтың ар-намысы мен абыройына зиян келтіретін шындыққа жанаспайтын мәліметті таратуға заңға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын ескерте отырып, БАҚ-қа айтқымыз келетіні, мұндай айыптау сипатындағы материалдарды жазбауға және қорғауымыздағы азаматқа қатысты тақырыптарда абай болуға шақырамыз. Бұл жарияланымдар адам тағдыры жайлы екенін ұмытпауды сұраймыз", - дейді адвокаттар.

Сонымен қатар, олар істің әділ тергеліп, әділ сот өтетініне сенім білдірді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437