Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2792 0 пікір 17 Қыркүйек, 2010 сағат 06:23

Досан Баймолда. Елге оралған оралмандардың берері көп

Осы кыркүйектің 9-10 күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде тарихи отанына оралған бір топ оралман ғалымдардың ғылми еңбектерінің тұсаукесері болып өтті. Аталмыш іс шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанының 20 жылдығына орай  С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Мұқтарұлы Арынның атажұртым деп шеттен оралған бауырларына деген адамгершілікке толы, игі бастамасымен қолға алынып, іске асып отыр. Соңғы кезде баспасөз беттерінде  сұрау сұрағаннан басқа осы оралмандар не берді? деген пыш-пыш әңгіменің көптеп айтылып кетуіне бұл бір таптырмас жақсы жауап болды. Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішінде атамекенге 1 миллионға таяу қандастарымыз көшіп келген. Қазақстан үшін ең басты байлық ол тап таза қазақ тілін, қазақи салт дәстүрін ұмытпаған қандастармыздың елге келіп қосылуы. Олар қоғамда, сан-салада өз шама шарықтарынша елмен бірге еңбек етіп жатыр. Соның бірі осы ғылым, білім саласы болмақ. Оралман ғалымдардың арасында ғылымның ең күрделі салалары болып есептелетін ядролық физика, биотехнология салалары бойынша докторлық қорғаған, ел қызығатын құнды ғылми еңбек жазғандары баршылық. Тіптен олардың біразы Еуропа елдерінде, Жапонияда және Ресейде жоғары білім алып, сонда докторлық қорғап, елге оралған таптырмас ғалымдар мен мамандар.

Осы кыркүйектің 9-10 күндері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде тарихи отанына оралған бір топ оралман ғалымдардың ғылми еңбектерінің тұсаукесері болып өтті. Аталмыш іс шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанының 20 жылдығына орай  С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Мұқтарұлы Арынның атажұртым деп шеттен оралған бауырларына деген адамгершілікке толы, игі бастамасымен қолға алынып, іске асып отыр. Соңғы кезде баспасөз беттерінде  сұрау сұрағаннан басқа осы оралмандар не берді? деген пыш-пыш әңгіменің көптеп айтылып кетуіне бұл бір таптырмас жақсы жауап болды. Тәуелсіздік алғаннан бергі 20 жыл ішінде атамекенге 1 миллионға таяу қандастарымыз көшіп келген. Қазақстан үшін ең басты байлық ол тап таза қазақ тілін, қазақи салт дәстүрін ұмытпаған қандастармыздың елге келіп қосылуы. Олар қоғамда, сан-салада өз шама шарықтарынша елмен бірге еңбек етіп жатыр. Соның бірі осы ғылым, білім саласы болмақ. Оралман ғалымдардың арасында ғылымның ең күрделі салалары болып есептелетін ядролық физика, биотехнология салалары бойынша докторлық қорғаған, ел қызығатын құнды ғылми еңбек жазғандары баршылық. Тіптен олардың біразы Еуропа елдерінде, Жапонияда және Ресейде жоғары білім алып, сонда докторлық қорғап, елге оралған таптырмас ғалымдар мен мамандар. Павлодар мемлекеттік университетінің ректорының бастамасымен «Атамекен» сериясымен басылып шыққан бұл басылымдар ғылымның әр саласынан әр тілде жазылған монографиялар мен оқу құралдарынан тұрады. Қош енді  Моңғолиядан, Қытайдан, Ираннан, Ресейден, Түркиядан, Өзбектаннан келген кейбір қандастарымыздың қандай құнды еңбектері бар екен сол жайында тоқталайық.

Германияның Берлин қаласындағы Гумбольдт университетінде докторлық диссертация қорғаған, Моңғолияның ауыл шаруашылығы университетінде проректор  қызметін атқарып тұрып атажұртқа оралған, қазір С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде биотехнология орталығына жетекшілік ететін Мағаш Аятқанұлы «Жануарлардың өсіп-өнуі биологиясы» атты монографиялық құнды еңбегін жариялапты. Осы университетте жемісті қызмет істеп жүрген тегі моңғолиялық тағы бір биолог ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Ұлықпан Қаманұлы «Орталық Азияның қуаң топырағында кездесетін омыртқасыз жануарлардың ландшафтық және белдеулік сипаттары» атты көп жылғы ғылми зерттеулерге негізделген еңбегін жариялап отыр. Моңғолия ғылым академиясының биотехнология инситиутында қызмет істеп тұрып атажұртқа оралған қазір әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Болатхан Қажиханұлы «Фототрофты микроорганизмдер биотехнологиясы» атты монографиялық еңбегінде фототорфты микроорганизмдер, оларды қазіргі биотехнологияда пайдаланудың маңызы мен келешегі туралы баяндапты. Моңғолия ғылым академиясының Химия институтында химяилық заттарды физикалық әдістермен зерттеу зертханасын басқарып тұрып Чехия астанасы Прага қаласындағы Чех Техника Университетінде докторлық диссертация қорғаған физика ғылымдарының докторы Досан Баймолда «Рентген флуоресценциялық зерттеу әдісін көмір өндірісінде қолдану» атты ғылми монографиялық еңбегінде ядролық физика әдістерін энергияның негізгі көзі-көмірді зерттеуге қалай қолдануға болатындығын, көмірді жақпай тұрып оның сапасына қалай баға беруге болатындығын Моңғолиядағы және Чехиядағы көмір кеніштерінде жүргізген нақты тәжірибелер мен зерттеу нәтижелері негізінде ғылыми қортынды жасапты. Бұл еңбек бүгінде көмір байлығы мол Қазақстан үшін аса құнды еңбек болмақ. Чехияда докторлық қорғаған тағы бір моңғолиялық қазақ ғалым техника ғылымдарының докторы Қани Қабиұлы «Техника, технология және қоршаған орта» деген қомақты еңбегінде қолданыстағы техника мен технологиядан қоршаған тіршілік ортасына әсер етуі мүмкін тұстарды саралап, оған ғылми түрде қортынды жасапты. Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы Техника университетінде докторлық қорғаған Оқас Құрманұлы жоғары оқу орындарының физика және инженер техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге арнап «Электротехниканың негіздері» атты қазақ тіліндегі оқулық кітабын жазыпты. Бұл екі ғалым екеуіде бүгінгі күні Астанадағы Евразия Университетінде дәріс береді.

Қытайдан атажұртқа оралған бүгінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқитын тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханұлы «Қазақ тарихының өзекті мәселелері» атты монографиялық зерттеу еңбегінде ортағасырлық Орта Азия мен Қытай арасындағы қарым -қатынастар және тарихи мәдениеттің қәзірге дейінгі сабақтастығы жөнінде қытай жазба деректері бойынша зерттегенін осыған сай ғылми қортынды жасағанын баяндапты. Соңғы жылдары Қазақстандағы көне түркі жазуларына қатысты зерттеу жұмыстарын біршама деңгейге көтеріскен ғалымдар: Моңғолиядан келген түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының «Байырғы түрік жазуының генезисі» және Қытайдан келген оралман ғалым филология ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зекенұлының «Көне түрік ескерткіштеріндегі қытай жазбалары» атты құнды еңбектері осы жолы «Атамекен» сериясы бойынша жарыққа шығып отыр. Қ.Сартқожаұлы бүгінде Астанадағы Евразия Университеті жанындағы түріктану және алтайтану орталығының директоры болып істейді ал Т.Зекенұлы Өскемендегі Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетініңде дәріс оқиды. Ал Моңғолияда кезінде жоғары билік тұтқасын ұстаған, қоғам қайраткері бүгінде Алматыдағы тарих институтында бөлім басқаратын тарих ғылымдарының докторы Зардықан Қинаятұлының ұлт, тарих және адам тағдырына қатысты жазған «Көзқарас» атты кітабы «Атамакен» сериясы бойынша жарыққа шығып отыр. Моңғолия қазақтарының ауыз әдебиетін алғаш зерттеп филология ғылымдарының докторы атанған Қабидаш Қалиасқарұлының «Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов» атты кітабы, ал Қытайдан келген оралман ақын, филология ғылымдарынң доқторы Дүкен Мәсімқанұлының «Қазақ және қытай әдебиеттері: ұлттық дәстүр мен жаңашылдық» атты кітабы осы «Атамекен» сериясы бойынша жарыққа шығыпты. Қ.Қалиасқарұлы бүгінгі күні Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінде дәріс оқиды, ал Д.Мәсімқанұлы бүгінде Евразия университетінде дәріс оқиды. Ирандық қазақ ғалымы, бүгінде Алматыдағы әдебиет институтында қызмет ететін тарих ғылымдарынң докторы Ислам Жеменейдің «Қанаттас түркі, парсы ақындары» атты кітабы және моңғолиялық тарихшы ғалым, бүгінгі күні Түркістандағы Қазақ-түрік университетінде сабақ беретін тарих ғылымдарының докторы, профессор Мініс Әбілтайұлының «Отан тарихының өзекті мәселелері» атты кітаптары жарыққа шығыпты. Осы ғылми еңбектерді жазған авторлардың негізінен шет елдерде есімдері танымал болған білікті де білімді азаматтар екенін көруге болады. Мұндай ғылми еңбектердің қазақ халқы үшін, егемендікке ұмтылған ұрпақтар үшін мәні өте зор болмақ ал екінші жағынан атажұртқа оралып жатқан ағайындар арасында осындай танымалы есімдердің болуы бұл еліміз үшін де үлкен абырой болмақ. Елге ел қосылса құт болады деп баяғыдан аталармыз айтқандай елге келіп қосылған бауырларымзға және шетелдегі ағайындарымызға қол ұшын беру атажұрттағы бәріміздің парызымыз болмақ.

Сөз соңында атажұртқа оралған бір топ ғалымдар атынан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылғанына 50 жыл толғанына орай университет ұжымын осы жартығасырлық мерей тойымен құттықтай отырып   осы ұжымды басқарып отырған ұлтжанды азамат Ерлан Мұқтарұлы Арынға деген үлкен ризашылығымды білдіруді жөн санап отырмын.


Ғалым, журналист

Досан Баймолда

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443