Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3491 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 13:30

СӘБИІН СУҒА АҒЫЗЫП ЖІБЕРГЕН КЕЛІНШЕК ТУЫСТАРЫНЫҢ ҮРЕЙІН ҰШЫРДЫ.

24 жастағы семейлік келіншектің әрекеті туған-туысқандарын ғана емес, күллі ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды. Күйеуімен ренжісіп қалған Айсұлу түн ішінде өзінің бір жарым жастағы қызын суға ағызып жіберген.

Елдің үрейін ұшырған бұл оқиға осыдан төрт ай бұрын болды. Күйеуімен жанжалдасып қалған Айсұлу түнгі сағат үштің маңында Ертіс өзеніне беттейді. Ол өзімен қоса өзегін жарып шыққан балапаны Айшаны да өлтірмек болған. Алайда, ағыны қатты тілсіз жауды көрген келіншек суға секіруге дауаламаған. Бірақ қолындағы шынашақтай баласын ағызып жіберген. Тәтті ұйқыда жатқан отбасы мүшелері Айсұлудың бұл әрекетінен мүлде бейхабар болыпты. 


Айдын Серікболсынов. Айшаның әкесі

 "Оянып кетсем әйелім мен балам үйде жоқ екен. Айғайлап іздей бастадым. Ертіске барып, жағасына шамның жарығын түсірген куртка жатыр екен. Куртканың ішінде қызым бар деп ойладым. Бірақ онда ешкімнің болмағанын көріп суға секіріп кетті. Қанша іздесем де таппадым. Салқын суда аяғым тартылып, өзім батып кете жаздадым", - дейді кішкентай Айшаның әкесі Айдын Серікболсынов.

Ертіс өзенінен бірнеше күн бойы сәбидің денесін іздеген сүңгуірлер ешкімді таба алмады. Ал тергеу барысында Айсұлу алғашында баланы ағызып жібердім деген пікірінен айнып қалған. Ол бауыр еті баласын қай жерден суға лақтырғанын көрсетер кезде де тергеушілерді әбден састырды. Ол баласын нақты қай жерден лақтырғанын ашып айтпай, үш жағалауды көрсеткен. Кішкентай Айшаның ата-әжесі мен әкесі сәбиді көре алмай күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.


"Айсұлу басында баланы суға ағызып жібердім деді. Кейін баланы өлтірген жоқпын деп ақталды. Бірақ Айшаны қайда тастағанын білмейді екен. Дәрігерлер оны бірнеше рет тексеріп, ешқандай психологиялық ауытқушылықтың жоқ екенін растады. Көріпкелдерді түгелімен шарлап шықтық. Олар баланың тірі екенін айтады. Бірінші көрген немересінен көз жазып қалған ата-әжесінің көз жасы құрғаған емес. Айшаның әкесі де күн сайын жылайды. Келіннің шешесі де тіс жармай тұр. Олардың үйлеруін тінтейік десек, заңға қайшы екен. Енді кімнен көмек сұрарымызды білмейміз", - дейді Айшаның апайы Зарина Нұрланқызы.

Жергілікті ІІБ істі тоқтатып тастапты. Айтуларынша, баланың денесі табылмағандықтан анасы қол хат арқылы босатылыпты. Әйтседе, келіншектің немерелерін жасырып отырғандарына нық сенімді. Сондықтан, еліміздегі мықты көріпкелдерден көмек сұрайды.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458