Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4953 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 13:18

АҚБОТА СЕЙТМАҒАНБЕТ "KESHYOU" ТОБЫНАН НЕГЕ КЕТТІ?

Баян Есентаева Ақбота Сейітмағанбеттің шын мәнінде топтан не себепті кеткені туралы айтып берді.

 

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Продюсерді әбігерге түсірген қыз Ақбота Сейітмағанбет болатын. 20 жастағы ару күйеуге шығатынын айтпағанда топ құрамы өзгермейтін бе еді? Алайда Баян ханым оның топтан кеткеніне емес, әншінің өміріндегі өзгерістер туралы ең соңында естігеніне өкпелі.

“Ботаның бала күтіп жүргені туралы мен соңғы естідім. Бір шетінен ол уақытта мұндай хабарды естуге дайын емес едім. Туысқандарым мен біздің директор мені, менің жүйкемді қорғауға тырысты. Сол себепті мен бәрін кеш естідім. Әрине, шешімді жылдам қабылдауымыз керек болды. Себебі топтың жұмыс кестесі өте тығыз еді. Бірақ мен бұл жаңалықты сабырмен қабылдадым. Мен Ақботамен және оның жігітімен бір рет жолықтым. Бұдан кейін ол маған хабарласпады, жазбады, өзі туралы ешнәрсе естіртпеді. Ал мен айтып отырған кездесуде оның қанша сома қарыз екендігі, оны қалай қайтаратындығы туралы айтылды. Жас әрі тәжірибесі жоқ болғандықтан, менімен ашық сөйлеспеді деп ойлаймын”, – дейді Баян Есентаева.

Бір қызығы, соңғы кездесуден кейін Ақбота мен оның сүйіктісі Баян ханымның алдына бірде бір рет келмепті. Тіпті шәкірті ұстазынан кешірім сұрамаған. Алайда қыз қазір жалғыз. Оның әлі де тұрмыс құрмағаны белгілі. Аяғы ауыр әнші жұмыссыз отыр. Сүйіктісі болса, әншінің қолына сақина салуға асығар емес. Ақботаның жақын достары әншінің қиын жағдайға тап болғанын айтып жүр. Бірақ әнші өзінің қазіргі жағдайын барынша жасырғысы келетін сияқты. Өйткені, әлеуметтік желідегі жеке парақшасына “Бақыттымын” деп жиі жазып жүр.

“Шынымды айтсам, осы уақытқа дейін есімді жия алмай жүрдім. Біреуді ойлайтындай халде болмадым. Оған хабарласатын шығармын. Қазір оның жағдайы туралы сұрастырып жатырмын. Бірақ мен Тереза ана немесе қайырымдылық қоры емеспін. 19 жастағы қыздың келісім-шартқа қол қойып отырып, өзі туралы ойламағаны үшін мен кінәлі емеспін. Бұл – менің емес, оның тағдыры”, – дейді продюсер.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458