Серік ДӘУЛЕТОВ. КЕТЕ (жалғасы)
КЕТЕ
«Китя (кидя, Нi-ti) упоминаются в числе тех 18 племен, князья которых были собраны в 1120 году Елюй-Даши и засим под его предводительством во главе своих отрядов выступили на запад для завоевания государства Караханидов. В настоящее время китя входят в состав отдела алчин подотдела алимулы Малой киргиз-казачьей орды. В племени алчин Аристов видит метисов тюрков и белокурых динлинов, помещая их родину в стране Алакчин, лежавшей на Енисее, при устье Ангары, где, согласно одному из узбекских преданий, все лошади были пегими, а очаги золотыми. А если так, то и китя могут быть потомками белокурых динлинов». [1]
Мұндағы динлиндер туралытұжырымды (ол кәсіби тарихшылардың мәселесі деп ойлаймын)және ала-шұбар ат пен алтын ошақ туралы аңызды қаперімізге алмасақ,бұл үзіндінің мәйегі- кетелер алшын елінің руы.
Кете тайпасы туралы М.С. Мұқанов пен В.В. Востров Грумм-Гржимайлоның біз ілгеріде келтірген пікірін қайталай келе, Мубаракшах айтқан хита тайпасы осы болар деп ой түйеді. Олар кетенің құрамына алты ру кіретінін айтады.[2]
«Алшын шежіресіне» келетін болсақ, автордың айтуынша Кердерінің Кетебике сұлуынан тараған ұрпақ «кете» атанған.[3]
Шын мәнінде Кете руының этимологиясы Кеті өзеніне байланысты.
Ұзындығы 1621 км болатын бұл өзен Батыс Сібір жазығымен ағып отырып, Обь өзеніне құяды. Осы өзеннің бойында ежелден тұратын тайпа Кете деп аталған.
Кетелердің Ожырай, Сойырқас, Әйтек, Бәйімбет рулары Дулаттың Шымырының Бестерек бөлімше руының құрамында кездеседі, Жамбыл облысында тұрады. Бұлар Қазақ хандығы құрылған 15 ғасырда Керей мен Жәнібекке ілесіп, Моғолстанға келген кетелердің ұрпақтары.
БАЙҰЛЫ
Алаш өзенінің жоғарғы ағысыауданы600 шаршы шақырымды алып жатқан Бай-тайганыжағалайды. Аң-құсқа бай осы тайгада аңшылықты кәсіп етіп жүрген халық Жошының әскеріне Байлы деген атпен қосылса керек. Бертін келе Байлы Байұлыға айналған.
Байұлы деген атау тарихи құжаттарда алғаш рет 1561 жылы кездеседі. Сол жылдың 23 маусымында Ноғай Ордасының биі Смайылдың Орыс патшасы Иван Грозныйға жазған хатында Байұлы ұлыс ретінде аталады.[4]
АЛАША
Саян тау сілемдерінен бастау алатын Қаракөл және Чульча өзендері қосылып ұзындығы 125 километрлік Алаш өзеніне айналады. Бастапқыда ағысы қатты тау өзені Кемшікке қосылар тұсында Алаш даласына шығып қарқынын бәсеңдетеді. Осы жазықта қой-ешкі, жылқы, қодас бағып тіршілік етіп жүрген халық 13 ғасырда Алашы деп аталған, Алшынның құрамындағы Алаша осы болар.
Алаш өзені. Саян таулары. Тыва республикасы.[5]
Алаша тайпасының құрамында Албанның Қоңырбөрік, Дулаттың Құдайғұл, Жәдік, Бектеміс, Бұзау, Ботпай, Шектінің Тілеу мен Қабақ рулары кездесетініне қарағанда, Алаша-рулар конфедерациясы.
АДАЙ
Адай тайпасының негізі- Орман елінің халқы.
Адайлардың өткен ғасырда Үрәңқай өлкесінің Кемшін қосынында кездесетіндігі туралы Грумм-Гржимайло еңбегінен ілгеріде үзінді келтірдік. Бұл ғалым адайлар қырғыздың адыгене бөлімінде де бар екенін айтады.[6]Сонымен бірге хакастыңҚызыл бөлімінде Адай руынан басқа, Ақ адай, Көк адай рулары болған. Оны анықтаған- швед зерттеушісі Страленберг (Штраленберг) Табберт Филипп Иоганн. Тарихи деректер бойынша ол 1709 жылы капитан шенінде орыс-швед соғысына қатысады. Алайда Полтава түбінде орыстарға тұтқынға түсіп, Сібірге жер аударылады. Ол жақта қарап жүрмей, 1721-1722 жылдары Д.Г.Мессершмидтің экспедициясына қосылып, Ертіс, Обь, Томь, Енисей өзендерінің бассейнін зерттейді. Сол экспедициясында ол Ұжұр болысының Парна ауылында тұратын 97 жасар Шола Ичигеев деген қариядан хакастың Қызыл бөлімінің руларын жазып алады. Ол рулардың тізімінде жоғарыда аталған Адай, Ақ адай, Көк адай руларынан басқа Алшынның Алаша, Алтын,Тазрулары болған.[7]
Тыва Уикипедиясында 19 ғасырда алтай үрәңқайларының арасында Көк моншақ қосынында Адай руының болғаны айтылады.[8]
Адайлардың Орман елі болғанының тағы бір дәлелі мына төмендегі карта.
Қазіргі Ресейдің Иркутск облысында теңіз деңгейінен 1500 м биіктіктегі самырсын тайгасынан бастау алатын ұзындығы 41 шақырым Адай өзені бар, ол Зима өзеніне құярдан бұрын Үлкен Адай және Кіші Адай болып, екіге бөлінеді. Ертеде Адай халқы осы өзендердің бойын мекендеп, тайгада аңшылықпен айналысса керек.
Тарихшы ғалымдар М. С. Мұқанов пен В. В. Востров «Родоплеменной состав и расселение казахов» деген еңбегінде адай таңбаларын зерттеу арқылы бұл тайпаның әуелден белді тайпа екенін, оның қоластына әржақтан әртүрлі рулар кіргенін жазады.
«Процесс роста адаевского рода происходил, вероятно, на протяжении всей его долгой истории и объяснялся тем, что адаевский род даже в своем первоначальном виде представлял собой многочисленный и сильный род, под эгиду которого охотно подпадали слабые соседние роды или их части. Часть этих пришельцев принимала, возможно адаевскую тамгу, а часть- сохраняла свою»[9].
Шынымен де, Адай тайпасының құрамындағы руларды зерттейтін болсақ, Адайдың ішінде Табын тайпасының Лабақ руы, тіпті Алшынның Төртқара, Байбақты, Қаракесек, Таз тайпалары ру ретінде кездеседі. Тағы бір қызығы Адай Байұлының құрамында болса, Адайдың құрамында Байұлы бар.
Бұл ғалымдар 15 ғасырда Адайлардың Керей мен Жәнібек сұлтандарға қосылып, Жетісудың батысына - Моғолстанға көшіп келіп, Қазақ хандығын құруға атсалысқан халықтардың қатарында болғанын, адайлардың қазір де осы өңірде тұратынын айтады.[10]
Моғолстанның негізгі халқы дулаттар еді. Мұқанов пен Востровтың сөзімен айтсақ, «По свидетельству Мухамед Хайдара, дулаты входили в состав Могулистана и «были одним из могущественных племен»... На рубеже ХV-XVI вв. племя дулат обитало на той же территории и явилось одним из важным этнических компонентов, вошедших в сложившуюся казахскую народность».[11]
«Ұлы жүз рулары арасында Кіші жүз қазақтарының жекелеген бөліктерінің осы кезге дейін де бар екені кездейсоқ емес. Жәнібек пен Керей Кіші жүзге 50 жылдан кейін қайтқанымен, рулардың бір бөлігі, соның ішінде адайлар ол жерде ұзақ уақыт қалған болуы ықтимал. Тек XVIII ғасырдың басында, яғни үш ғасырдан кейін ғана бір кездерде Қазақстанның батысында мекендеген атабабаларын мүлдем ұмытқан адайлар бұл жерді қайтадан ашты деуге болады.
Халықтың жадында адайлардың Маңғыстауға оралуы туралы мынадай мәліметтер сақталған. Осыдан екі жүз жылдай бұрын Байұлы,Жетіру және Әлімұлы бірлестіктерінің кейбір руларының, соның ішінде адай руының қазақтарыСырдария бойында (Сауран маңында)мекендеген. Бос жерден тапшылық көрген олар бірте-бірте батысқа, Арал теңізінің жағалауына қарай жылжи бастайды. Бірнеше рубасылары, оның ішінде адай руынан Қосайдың немересі Есентүгелдің Есені Жемді бетке алып, ары қарай кетті. Онда жеткен соң олар бұл жерді қалмақтардың алып қойғанын көрді. Олар Маңғыстауды қыстап, жайлауға солтүстікке, Жемге, қалмақтар жеріне келетін түрікмендермен де осында кездесті. Жем, Ойыл өңірін көшіп жүруге қолайлы деп тауып және қалмақтардың әлсіздігін пайдаланып, оларды бұл жерден ығыстырып шығарды. XVIII ғасырдың аяғында Кіші жүзде жер дағдарысының шиеленісуі салдарынан адай руы оңтүстікке, Үстірт және Маңғыстау жондарына, түрікмен руларының аймағына ығысуға мәжбүр болды. Рас, адайлардың кейбір топтары бұған дейін де қыс мейілінше қатты болғанда Үстіртке көтеріліп жүретін, ал XVIII ғасырда бүкіл түбек пен Үстіртті адайлар біржолата қаратып алды. Түрікмен руларының негізгі көпшілігі адайлардың қысымен оңтүстікке, Қарабұғаз Гол шығанағына қарай кетті де, үш мыңдай адам ғана адайлар арасында одан әрі көшіп жүрді.»[12]
Ал Моғолстанда қалып қойған Адайлар Дулаттармен араласып, сіңісіп кетті. Сол Адайлардың ұрпақтары қазір Жамбыл облысында тұратын Дулаттардың құрамында.
Бұны Т. Үсенбаевтің «Алшын шежіресінің» 76-81 беттеріндегі Адай шежіресі мен Жамбыл облысы Меркі ауданында тұратын Нұрғали Омаралиев ақсақал жинаған Дулат-Ботпай шежіресін салыстырғанда аңғаруға болады.
Мысалы, Адайдың құрамында да, Дулат-Ботпайдың құрамында да Алтай, Қарпық рулары бар. Айта кету керек, Алтай, Қарпық рулары арғынның құрамында да бар, «қарпық» деп үрәңқайлар қаршыға құсты айтады.
Адайдың құрамында да, Дулат-Ботпайдың құрамында да Бұзау және Жарас рулары бар, бұлар ойраттар мен қалмақтарда да кездеседі.
Одан басқа, Адайға да, Ботпайға да ортақ Мұңал,Шал, Қоңырбай, Бақтыбай, Құдас, Қанай, Қожа, Құдайғұл,Бәйімбет, Мәметек, Бегей, Андақожа, Сазанбай, Сары, Бәйбіше, Төртқара рулары бар.
Соңғы бесеуі Дулат-Ботпайдың ішіндегі Бесторсық бөлімшесіне кіреді. Бір қызығы, Бесторсықтың құрамында тек Андақожа болса, Адайдың құрамында Андақожадан басқа, оның ағасы Айтқожа бар. Бесторсықтың құрамында тек Сазанбай болса, Адайдың құрамындағы Сазанбайдың Шортанбай деген ағасы бар, Бесторсықтың құрамында тек Бәйбіше болса, Адайда Бәйбішемен бірге туған Тоқал да бар. Адайда Ақша кедей және Қара кедей деген рулар бар. Дулаттың ішінде солардың Ақша кедейі Ақша деген атпен белгілі. Бұл мысалдар Адайлардың барлығы бірдей емес, тек бір бөлігі ғана Дулатқа кіргенінкөрсетеді. Сонымен бірге Адайдың Бектемісі Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов (бұрынғы Луговой) ауданында тұратынДулаттың Шымыр бөлімшесінде кездеседі.
БЕРІШ
М.С.Мұқанов пен В.В. Востровтың жазуына қарағанда Беріш Кіші жүздің ірі тайпаларының бірі. Олар Беріштің Жайық, Есенғұл, Қаратоқай,
Құлкеш, Бегіс, Есен, Жаңбыршы, Себек, Бесқасқа сияқты тоғыз рудан тұратынын, олардың бір бөлігінің аты Байбақты екенін жазады. Бұл тарихшылардың ойынша бір кездері осы Байбақтының бір бөлігі Беріштен бөлініп шығып, өз алдына дербес руға айналған. Олар Байбақтыны да, Берішті де қыпшақ руы деп есептейді, оның дәлелі ретінде Египетке сұлтан болған Бейбарыс пен Қалауынның қыпшақтың буржоглы руынан екенін алға тартады.[13]
Бұл тұжырымды тексеру үшін генетикалық генеалогияның нәтижелерін қарап көрейік. Жақсылық Сәбитовтың аталмыш еңбегінің тіркемесіндегі кестеден ДНК-тест тапсырған Беріш пен Байбақтыларды іздейміз.[14]Олар төртеу екен- үш Беріш, бір Байбақты. Олардың гаплотобын қарасақ, екі Беріш пен бір Байбақты С3с1 болып шықты. Ол деген сөз олар Алшын кластеріне жатады- Орман елі, тек бір Беріш Есенғұл R1b1a1 екен. Демек, бұл тұжырымдар әлі де зерттеуді қажет етеді.
Сұлтан Бейбарысқа келер болсақ, ол мамлюк[15] еді. Моңғолша құлды буурж дейді.[16] Буржоглы деп жүргеніміздің мағынасы «құлдан шыққан» болуы мүмкін.
Біздіңше,Беріш атауының этимологиясы гидронимге байланысты. Шығыс Саян тауларының солтүстік беткейлерінен бастау алатын ұзындығы 629 шақырым Енисейдің оң арнасы Қан өзені бар. Сол Қан
өзеніне құятын Үлкен және Кіші Беріш өзендерінің жағасында өмір сүріп, аңшылықты кәсіп еткен тайпалар Беріш деп аталған.
(жалғасы бар)
Abai.kz
[1]Г.Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. 3-т. Ленинград,1926 ж. 14- б.
[2]М.С.Мұқанов, В.В.Востров. Родоплеменной состав и расселение казахов. Алматы, Наука. 1968ж. 93-94бб.
[3]Теңізбай Үсенбаев. Алшын шежіресі. Қызылорда. Тұмар, 2003ж. 91-б.
[4]История Казахстана в русских источниках ХVI- XX веков. I- т. Алматы, Дайк-Пресс, 2005 жыл, 126- б.
[6] Г. Грумм-Гржимайло. Западная Монголия и Урянхайский край. Ленинград, 1926 ж.
3-т. 15-б.
[7]http://www.khakasia.com/forum/index.php?threads/
[8]Тува-Википедия https://mn.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%83%D0%B2%D0%B0
[9]В.В. Востров, М.С. Муканов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Наука, Алматы, 1968 жыл, 86-87 бб.
[10] Сонда, 87-б.
[11]В.В. Востров, М.С. Муканов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Наука, Алматы, 1968 ж, 37-38 бб.
[12] Х.Арғынбаев, М.Мұқанов, В.Востров. Қазақ шежіресі хақында http://kazchronic.host.kz
[13]В.В. Востров, М.С. Муканов. Родоплеменной состав и расселение казахов. Наука, Алматы, 1968 жыл, 102-103 бб.
[14]Ж. Сабитов. Этногенез казахов с точки зрения популяционной генетики The Russian Journal of Genetic Genealogy (Орысша нұсқа): 5-т, №1, 2013-ж.
[15]( Мамлюктер- ортағасырлық Мысырда түркілерден (қыпшақ) және кавказдықтардан (гүржін, шеркес) шыққан жас құлдардан жасақталған әскери каста),https://ru.wikipedia.org/wiki/Мамлюки
[16]Б. Базылхан. Монгол-казах толь. Улаанбаатар өлгий, 1984 ж. 98-б.