Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 4636 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 15:19

ҚЫРҒЫЗДАР НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖАЙЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРДІ.

«Әлемдік Назарбаев» қырғыз режиссері Өмірзақ Толобековтың жаңа деректі фильмі осылай аталады. Аталған туындының тұсауы Бішкек қаласында кесілді. Автордың айтуынша, фильмді Қазақ елінің Президенті көріп, оң бағасын берген. Кинокартинада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағы баяндалады. Онда жолдастары болашақ президент туралы естеліктерден сыр шерткен. Фильмнің ұзақтығы - 55 минут. Алайда, әлемге танымал тұлғаның қызметтік өмірі осы лентаға сыйып тұр, - дейді автор. Аталмыш туынды  Қырғызстан кинотеатрларында 17 ақпаннан көрсетіле бастайды.

Өмірзақ Толобеков, деректі фильмнің режиссері: - Қазақ елінің басшысы қырғыз тілін жақсы меңгерген. Әрі мәдениеті мен дәстүрінде терең түсінеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз еліне әрқашан қамқорлық танытады. Мысалы қазірдің өзінде Қазақстанда 3 мыңға жуық қырғыз азаматы жұмыс істеп, сонда өмір сүріп жатыр. Сондықтан да, біздің алғысымыз шексіз.

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676