Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 4347 0 пікір 3 Ақпан, 2017 сағат 15:00

АЛМАТЫДАҒЫ ПӘТЕРЛЕР ҚАЙ УАҚЫТТА ТОНАЛАДЫ?

Соңғы уақытта Алматы облысында пәтерді тонау қылмысы жиілене бастаған. Мұндай келеңсіз жағдайлар негізінен Алматыға іргелес орналасқан аудандарда да көп кездеседі. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары ұрыларды ұстауға мықтап кіріскен сыңайлы. Мәселен, Жамбыл ауданында өткен шұғыл-профилактикалық шара барысында апта ішінде қарақшылықпен айналысқан 9 қылмыстық топ анықталды. Тек Ұзынағашта ғана емес, көршілес ауыл тұрғындарын да зар қақсатқан әккі ұрылар көп ұзамай қолға түсті. Аудандық ішкі істер бөлімінің шұғыл-іздестіру шарасының нәтижесінде қылмыстық топ анықталып, барлық мүшесі ұсталды. 

 
Ұсталғандар енді ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағы бойынша заң алдында жауап береді. Ұйымдасып қылмыс жасағандары үшін 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.  «Пәтер тонаушылар негізінен өздерінің әккі әрекеттерін іске асыруға түнде шығады», - дейді тәртіп сақшылары. Жалпы, өткен жылы Алматы облысында бөтеннің мүлкін тонау оқиғалары бойынша 5 мыңға жуық дерек тіркелген. Оларды ашу деңгейі 50%-ды құрап, 427 адам қамауға алынған. Жәбірленушілердің айтуынша ұрылар бағалы заттар мен ақшадан бөлек аса қымбатқа түспейтін ұсақ тұрмыстық техникаға дейін тонауда.

 

Нұрсұлу Найманова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 960
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639