Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4995 0 пікір 2 Ақпан, 2017 сағат 13:45

Юлия Галышева Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

Могул спорты бойынша финал Астана уақытымен 13:00-де өтті. Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13) алса, ал қола австриялық Катарина Рамзауэрге (52.05) бұйырды.

Еске салайық, іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Галышева 67,06 ұпай жинап, финалға шыққан болатын.

Бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында алып отырған төртінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрамада 10 жүлде (4 алты, 2 күміс, 4 қола) болды. Медальдар бойынша рейтингте мына жерден көре аласыздар.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 659