ЖОЛДАУ ТУРАЛЫ...
Жолдауды өміршең ету жөніндегі қысқаша нұсқаулық
1. Алдымен елбасы алдыңғы жылғы Жолдауында айтылған жайттардың қайсысы орындалды, қайсысы орындалмады - соны анықтап алуы керек. Ол үшін елден тікелей қапарат алуы тиіс. Әйтпесе, шенеуніктер жоқты бар етіп көрсете береді.
2. Келесі Жолдауына не енгізілуі керек екенін білу үшін Жолдау алдында елді бір аралап шыққаны жөн. Көп нәрсені өз көзімен көре алар еді.
3. Жолдау жазылып жатқан кезде елдегі барлық партиялармен, соның ішінде, балама пікірі бар азаматтық қоғам өкілдерімен кездессе, нұр үстіне нұр болар еді. Болашақ Жолдау баптары кең талқыланса, жұртшылықтың ұсыныстары жинақталса, теледидарда арнайы хабарлар болса, тіпті тамаша болар еді.
4. Жолдау жарияланған соң, оны жұртшылыққа жеткізудің заманауи әдістерін пайдалану керек. Топ-топ шенеуніктер ел аралап жүруі - тиімсіз әрі архаизм! Әлеуметтік желінің өзі не тұрады!
5. Насихатты қарапайым халық арасында ғана жүргізбей, Жолдауды орындауға міндетті шенеуніктердің құлағы мен санасына кұю керек!
Айтпақшы, Жолдау талаптарын орындай алмаған үкімет пен әкімдер толық құрамында отставкаға кетсе, құба құп болар еді.
Әзірше осы!
Әміржан Қосанов
Facebook-тегі парақшасынан