Жұма, 29 Наурыз 2024
Қоғам 7003 0 пікір 30 Қаңтар, 2017 сағат 11:57

ҚАЗАҚТЫ ҚЫРҒАН ТАРАН БЕЙІМБЕТТЕН ӘУЛИЕ МЕ?

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тұсында Қостанай қаласының қақ ортасындағы Таран көшесінің атауы Тәуелсіздік болып өзгертілетінін естіп, бөркімізді аспанға аттық. Бір-бірімізден сүйінші сұрадық. Олай етпей ше?

Орманынан орысы көп Тобыл өлкесінде елді мекен түгел, көше атауын қазақшалау – күрестің күресі, қияметтің қияметі. Бүгінде комиссияның тиісті шешімі мақұлдаудан өтіп жатыр. Бәрекелді делік! Бірақ, көп ұзамай Лаврентидің атауы Қостанайдағы басқа көшеге ауысады деген «суық» хабар жетті. Суық дейтін жөнім бар. Лаврентий Таран – кешегі Алаштың көсемдері, ұлтымыздың мақтанышы, Тәуелсіздік үшін жандарын пида еткен Ә. Бөкейханұлы, М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы сынды саңлақтарымызға қарсы күресті ұйымдастырған қызыл империяның қолшоқпары. Үзеңгілестерімен бірге Қостанай уезінің өзен-көлі бар шұрайлы жерлеріне бекініс салып, қарусыз жатқан қазақты қанға бояған келімсектер. Көпті көрген көнекөз қариялардың естелігінде «Ақ колчак келді, малымызды алды, қызыл Таран келді, жанымызды алды» деп зар иелуі көпті аңғартса керек.

Әйтсе де бүгін, сол Таранды көкке көтеріп, тіпті оған Бейімбет Майлин туып-өскен ауданына атауын бердік. Ал Майлин атындағы көшені Қостанай мен Рудныйдың адам көрсе ұялатындай ескі аудандарынан таба аласыз. Осы тұста Тобылдың атқа мінерлері жалтақтықты қойып, батыл шешімдер қабылдаса деймін. Бейімбет кім, Таран кім екенін энциклопедиялар мен гуглдан оқып білер кез жетті. Айтылмаған сөз жетім. Көптен бері көкейде жүрген шерімді қысқаша тарқататын кез жетіпті. Енді тақырыпқа тұздық берер жерлестерімнің бұған не дейтінін көргім келеді.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558