Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Көкмұнар 3191 0 пікір 24 Қаңтар, 2017 сағат 13:38

Д.ЙЫЛДЫЗ: БІР КЕЗДЕСУДЕН БӘРІ ШЕШІЛІП КЕТПЕЙДІ

Елорда төрінде өтіп жатқан Сириядағы қақтығастар мәселесіне арналған келіссөз жиынына қатысушы түркиялық журналист, саяси шолушы Доған Йылдызбен аз-кем әңгімелескен едік.

- Доған мырза, кешелі-бері Астанада өтіп жатқан Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі келіссөздер қарулы қос тарапты бітімге келтіре ала ма?

- Өздеріңіз көріп отырсыздар, ресми жиынның тек кіріспе сөзін ғана тікелей эфирден көре алдық. Ал, қаралатын мәселе, түйткілдері, жұмыс жоспары бәрімізге беймәлім. Ендігісі беймәлім жиынның «жабық» форматта өтіп жатқанынан жақтастар мен оппозициялық топтың өзара диалогқа келу, я болмаса келмеуін түсіну қиын. Дегенмен бұл талас-тартыстың қызу жүріп жатқанын көрсетеді. Бұл туралы айту қиынырақ...

- Түркия мен Сирияның арасында да жағдай тұрақты деуге келмейді... Дегенмен осы жолы Түркия бастамашы болып отыр.

- Бүгінгі жиналыстан нақты шешім шығады деу жаңсақ болады. Бір кездесуден бәрі шешіліп кетпейді. Бұл жерде ең бірінші кезекте Сирия оппозициясы мен Асад режімі жақтастары арасындағы соғысты тоқтату мәселесі талқыланады. Және ол елдегі ауыртпашылықтың зардабынан көмекке мұқтаж болып отырған бейбіт халыққа көмек қолын созу мәселесі сөз болуы мүмкін. Яғни, гуманитарлық көмек жеткізуге рұқсат алынуы керек. Түркияның да ішкі жағдайы мәз емес. Онда да 4 миллионнан астам мигранттар көше кезіп жүр. Сириялық босқындарды Еуропа мемлекеттері қабылдағысы келмейді. Түркиядағы, Франциядағы, Германиядағы террорлық оқиғалардан кейін Еуропа елдері шекараларын мығымдап, есіктерін «қымтап» жауып отыр. Бұл ұзаққа созылатын процесс болады.

- Дөңгелек үстел басындағылар үздік болып жатқан жарыластардың уақытша тоқтауына келісетін болар?

- Мүмкін. Бәлкім, осы мәселе бүгінгі келіссөздің күнтәртібіндегі өзекті мәселе болуы да ықтимал. Құпия жағдайда болған соң, ештеңені нақты кесіп айта алмайды екенсің. Алайда, осы келіссөз БҰҰ аясында өтетін Женевалық жиынның жұмысын жеңілдетуі тиіс. Сириялық дағдарысқа қатысты оңтайлы шешім қабылданса, алғышарттарын қамтамасыз етсе, бүгінгі «Астана процесс» келіссөзінің миссиясы орындалатын еді. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Назарбаев өзінің құттықтауында да айтып өтіпті ғой.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048