Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4447 0 пікір 19 Қаңтар, 2017 сағат 12:17

АЛЛА ТІЛЕУІҢДІ БЕРЕДІ...

Тұңғыш ұл айтады бүгін:

- Папа, бүгін ағылшыншадан екі алып қаламын ба деп жаман қорықтым. Ішімнен: "Е, құдай! Екі алып қалмайын! Е, құдай! Екі алып қалмайын!"-деп қайта-қайта тілеп отырдым. Бір кезде апай: Кімнің үй тапсырмасына берілген ағылшынша сөздерді жаттап келгенін, көтерілген қолдарынан білетін боламын - дегені. Соны естіген бойда "мынау біледі екен" - деп айтсын деп, дүрмекпен бірге мен де қолымды көтере салдым. Менің қол көтергенімді көрген апай: 

- Қане, Дəулет. Сен дəптеріңді əкелші - дегені. Зəрем зəр түбіне кетті. "Е, бісміллə! Е, бісміллə" деп апардым дəптерімді. Апай кеше жеңешем екеуміз орындаған үй тапсырмасын тексерді де, "4" қойып берді. "Уһ" деп мен де сылқ етіп отыра кеттім. Сөйтіп, 4 алдым, папа - дейді қуанып. 
Осыны естіген соң есіме екі-үш жыл бұрынғы оқиға түсті.

Бірде машинама үш кісі мінді. Жол ұзақ. Біреуі қызулау екен. Əңгімені өтірік-шынын араластырып жібергенде, Жиренше мен Алдар көсе жолда қалады. Сол айтады:

Аулымызда бір Совет Одағының батыры тұратын. Сол кісі бірде ішіп отырып, батыр атағын қалай алғанын айтып қойыпты. Ұзын-ырғасы былай:

Бірде қиян-кескі ұрыс болып жатқан. Немістер құмырсқадай қаптап келеді. Как всегда алдына тəңкілері мен матасекілдерін салып алған. Командирлеріміз дүрбімен жау жақты барлап тұрған. Бір кезде:

- Сержант Пəленшиев. Ко мне! - деп бұйырды. Бардым. Командир: 

- Мə, граната. Осыны ал да, ана жаудың дзотын бұз - деп бұйырды. Жазған құлда шаршау бар ма, "Есть тауарыш командир" - деп гранатасын алып алғы шепке беттедім. Қорқып барамын. Қорықпағанда ше? Өйткені, командир мені өлімге жұмсады. Шамалы алға барып, бір бұтаны паналап жата кеттім. "Е, құдай өзің жар бола көр! Е, құдай өзің жар бола көр!" - деп құдайға сиынып жатырмын. Тұрып гранатаны лақтырайын десем, батылым барар емес. Осылай қанша жатқаным белгісіз, бір кезде көзімді ашып қалсам, о, құдайдың құдіреті, сендерге өтірік, маған шын, əлгі қаптап келе жатқан жаудың дзоты əлде минаға түскені, əлде самолеттер бомбалағаны белгісіз, əйтеуір сол жақтан қою қара түтін бұрқ ете қалды. Оны көрген мен де орнымнан тұра салып, "За Родину" деп гранатамды құлаштап кеп, лақтырып жібердім. Содан үстімді қағып-қағып, командирге келіп, бұйрықты орындағаным туралы рапорт бердім. Сонда менің аман келгеніме таңданған командир:

- Молодец, товарищ сержант. Я буду тебя рекомендовать на награду "Герою Советского Союза" - деді. Мен:

- Есть товарищ командир. Служу Советскому Союзу - деп орныма кеттім. Осылай герой болдық қой - деген екен. Негізі шын тілесеңдер, құдай тілеулеріңді береді - деп аяқтап еді сөзін сапарласым. 

Құдайдан үміт үзбейік, достарым! Бəрі жақсы болады. Құдайдан шын тілейік!

Ержан Тәліп

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480