Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 4332 0 пікір 16 Қаңтар, 2017 сағат 02:28

ҚОСШЫНЫҢ "ӨМІР ЖОЛЫ" - "ӨЛІМ ЖОЛЫ"

Өмір – күрес. Оған дау жоқ. Тіршілік тартысқа толы. Әсіресе, бүгінгі күні...

Мынау – Астана іргесіндегі Қосшы ауылы тұрғындарының «Өмір жолы». Нағыз қыл көпір. Күн сайын қалт-құлт етіп, шықпа жаным шықпа деп, бір Құдайға сыйынып үйге зорға жетесің.

Екі көлік қатар келсе төбе шашың тік тұрады. Екі адам бетпе-бет келсе, біріне-бірі жол беріп, бірі амалсыз үйінді қардың үстіне шығады. Шыға алса... Сондықтан қосшылықтар қарсы келе жатқан адамды иттің етінен жек көреді.

Қыс түскелі көрген күніміз – осы. Жауған қарды жол жиегіне тау-төбе ғып үйіп тастаған. Тазалаған түрі. Жолаушыларға арналған жалғызаяқ жол «төбе» астында қалды.

Кейде еріксіз бұл елдің егесі жоқ па деп ойлайсың? Не оған адамнан көлік қымбат. Жол қызметкерлері қайда? Жол қауіпсіздігін кім бақылайды? Салықты не үшін төлейміз?..

Сүрініп-жығылып, қағылып-соғылып құлап жатқан жанда есеп жоқ. Қалаға қатынайтын бас көшеміздің сыйқы – осы, басқасын тіпті айтпай-ақ қояйын!.. Әлде міндетті түрде жол апатына ұшырап, кісі өлімі болмай ешкім қозғалмай ма?! Тиісті орындар қайда қарап отыр?..

Бір топ «Қосшы» ауылы тұрғандары атынан – Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының  мүшесі Тұрмағанбет Кенжебаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590