ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СЕМІЗ БАЛА КІМ?
ЛУ ХАО
Қытайда туған бұл бала дүниеге келгенде өзге балалар сияқты 2,5 кг болып туған еді. Алайда, балақай ересек адамдардың тамағымен қоректене бастағаннан-ақ, артық салмақ жинай бастады. Лу Хаоның ата-анасы баланың неден семіріп жатқанын әлі күнге дейін анықтай алмады. Денсаулығының күрт нашарлауынан бөлек, Лу Хаоның анасын баласын қолына алып, көтере алмауы қатты алаңдатады. Себебі, небәрі 4 жаста болғанда баланың салмағы 62 келіге жеткен еді. Бұл сол жастағы балалардың қалыпты салмағынан төрт - бес есе көп болып саналады.
Баланын семіруінің бір себебін ата-анасы Лу Хаоның бір емес бірнеше адамның тамағын жеуінен көреді. Олардың айтуынша, бір адам жейтін порцияға баланың қарны тоймайды екен. Лу Хаоны әке-шешесі қанша рет диетаға отырғызып тырысқанмен, арты жанжалға айналатынын айтып отыр. Өткен жылдың өзінде балақай 22 келі қосып алған екен. Қазіргі таңда Лу Хао өзге балалар сияқты қалыпты өмір сүреді. Бала бақшаға барып, ойын ойнап, болашақта батыр болуды армандайды екен.
Сайтқа әзірлеген Нұрсұлу Найманова
Abai.kz