АҚТӨБЕ ЖАСТАРЫ 91 ТОБЫНА ҚАРСЫ
Ақтөбеде Ninety One тобының концертін өткізуге қарсылық білдіруде-деп хабарлайды Baq.kz.
Ninety One тобынына қарсылық білдірген намысшыл жігіттерге олардың шаш бояп, сырға таққаны ұнамаса керек. Алайда осы топтың басқа қаладағы фанаттары концерт үшін Ақтөбеге келуге дайындалып жүр.
Концерттің өтетіні жайлы жергілікті филармонияның басшысы мүлдем хабарсыз екен. Дегенмен Ақтөбенің сахынасы жын ойнақтың орны емес деп ұрандаған жігіттер өздерінен гөрі іні-қарындастарының топ мүшелелеріне еліктеп кетүінен сақтануда. Өнер саласында жүрген Ақтөбенің бұл зиялы жастары не де болса топ мүшелерін қала табалдырығынан аттатпаймыз деп отыр. Қалада қандайда бір толқудың болғанын қаламайтын олар концерт болған жағдайда соңы неге ұласып кетуі мүмкін екенін ескерткілері келеді.
Бибігүл Жандарбекқызы
Abai.kz