Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3510 0 пікір 13 Қаңтар, 2017 сағат 11:40

Экс-министр екі айға қамауға алынды

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына сілтеме жасай отырып.
«12 қаңтар күні Астана қ. Алматы ауданының №2 аудандық соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты «тұтқындау» бұлтартпау шарасын тағайындады. Бишімбаев топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда», - делінген хабарламада.
Абай-ақпарат

 

0 пікір