Жұма, 29 Наурыз 2024
5118 0 пікір 12 Қаңтар, 2017 сағат 11:28

БІЗ – ҚҰЛМЫЗ. ҚҰЛДА ЕРІК БОЛМАЙДЫ...

Біз қазіргі таңда кім-кімнен де жеңілудеміз. Дұшпан, жаулар бізді кез-келген тұстан адуынды соққыларын беріп еркінше жаулап алып жатыр. Тек жаулап қана қоймай, өздерінің «бізге құл» деген мөрін басып жіберіп жатыр. Біз әбден қол көтердік, бізді ешкім менсінбейді, көзге де ілмейді, бізді ешкім қажет те етпейді. Сенің ашық ойың, пікірің, қарсылығың, жан айқайың, көрсеткен мінезің, боқтық сөздерің, ызаң, өзіңше қорқытуың оларға тіптен әсер етпейді.

Керісінше, олар хайуанбақтағы торда қамауда отырған ызалы маймылдарды тамашалап күлгендей әсер алады. Себебі, олардың көзқарасында біз құлмыз. Ал құлдарда «өз еркі, өз ашық ойы, үміті, болашағы, жоспары, көбеюі, көтерілуі, қарсыласуы, жігер, қайрат, намыс, ақыл-ой, айла, бұл тығырықтан әйтеуір бір күні шығармын» дегені сияқты қияли ойлары мүлдем болмайды. Оның қожайыны – оның Құдайы. Келіс, келіспе, қара халық, біз қазір осы дәрежедеміз. Бұның себебі не? Себебі, қарапайым ғана нәрсе!

Біздің ата-бабамыз толарсақтан саз кешіп, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алып, қазақ жазирасының о шеті мен бұ шетін шаң қаптырып, өмір бойы күні түн аттан түспей жүріп, кейінгі ұрпақ үшін, елі мен жерін қорғап жауды зорға жеңген. Ал кейінгі ұрпақ біз, әрқайсымыз қорғаныш бір үйде бұғып отырып алып аттан емес, интернеттен түспейміз. Ал интернетте отырып алып атой салып, итін айтақтап, «аттан» деп ұрандаған жеке батырларға жеңіс келе ме? Интернеттен түспейтін, пікір соғыстан тайсалмайтын батырлардың алаңға шығуы екіталай деп білемін. Қысқасы, сөз бар да іс жоқ. Ал нәтижеге жеткізетін іс пен амал.

Қарын ашса тойғызуға, қатын ұрысса қойғызуға, бала сүю үшін қатынасқа түсеміз. Яғни, іс-әректсіз ештеңенің болмайтынына, өздігінен келмейтініне ашық көзіміз жетіп тұр. Ал бірақ, ел үшін, намыс үшін, ұрпақ үшін күресетін іске тек қана сүйір тілді ғана қосудамыз. Барлық елдің намыстылары бірігіп бас қосыңдар, бір-біріңмен араласыңдар! Қай елден елдің сиқын бұзу орын алса, сол жерді сол жердің намыстылары орнына қойсын! Көрейін сосын.

Тұрар Шапқара 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616