ҚЫРҒЫЗ АҚЫНДАРЫ ҚАЗАҚТЫ ҚЫРЫНА АЛДЫ. НЕГЕ?
Азамат Болғонбаев пен Аалы Туткычев. Екеуі де қырғыз ақыны. Қазақстанға талай келіп, Жүрсін Ерман жүргізетін Халықаралық айтыстарға қатысқан. Тіпті жүлдеден қанжығалары бос қайтқан емес.
Жуырда әлеуметтік желіде дәл осы екі ақынның Ыстықкөлдегі айтысы жария болды. Бейнежазбаның жарияланған уақытына қарасақ, айтыс 2016 жылы болған. Онда сөзінің бісмілләсін «оңбаған қазақ» деп бастаған айтысын "маңқа қазақ" деп аяқтап, екеуі қазақ халқына, оның ұлттық құндылықтарына, мәдениетіне тіл тигізген. Айтыс сахнасынан ауыздарына келгенді айтқан екеудің бұл «ақындығы» қазақ-қырғыз қарым-қатынасына сызат түсіріп, халықаралық, қала берді ұлтаралық даудың білтесін тұтатар түрі бар. Сондықтан да, біз сөзді көбейтпей видео-жазбаны толық жариялай салғанды жөн көріп отырмыз.