Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 10960 0 пікір 10 Қаңтар, 2017 сағат 09:40

АМЕРИКАЛЫҚ ПА, АМЕРИКАНДЫҚ ПА?

Адамның я заттың қай елден шыққанын білдіру үшін жағрафиялық атауға жұрнақ жалғанады.

Мысалы мынадай бір керемет сөз тіркесін ағылшын тілді елдер “american dream», ал орыстар «американская мечта» дейді.

Бізде бұны «америкалық», немесе «американдық» арман деп алып жүрміз. Сонда осындағы америкалық пен американдықтың қайсысы дұрыс?

Орыстарға қарасақ, олар «american» сөзін тұтас транслитерация жасаған да, соңына “–ская” жұрнағын жалғаған.

Біздікілер де кейде осы жолды ұстанып «американ+дық» деп алып жүр.

Баз біреулеріміз түбір сөзді негіз етіп «америка+лық» деп алуды жөн санаймыз.

Қайсысының дұрыс, қайсысының бұрыс екенін айқындап беретін біздің өз сөз жасау заңдылығымыз болса керек. Мысалы, Алматы+лық, Астана+лық, Семей+лік дегендей.

“American-ның” түбірі “America”. America+n – тұтас АҚШ әлемін айқындап тұрған заттың сипатын білдіретін сын есім, яғни америкалық немесе американдық дегенді білдіреді.  Ендеше сөз тудырушы жұрнақты түбірге жалғауымыз керек қой. Орысша нұсқасына (американ+ская) жабысуға еш негізіміз жоқ. Олардың тілдік заңдылықтары өздеріне ғана жүреді.

Демек дұрысы америкалық арман, америкалық әскер, америкалық еріктілер...

Сол сияқты, италиялық, мексикалық, жапониялық, украиналық... болып жұрнақ түбір сөзге жалғанса керек.

Нағыз Қапшықбайұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379