Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4227 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:06

Обама Жоғарғы бас қолбасшы ретінде жауынгерлермен қоштасты

АҚШ президенті Барак Обама Жоғарғы бас қолбасшы ретінде Вирджиния штатындағы Форт-Майер базасында қарулы күштермен қоштасты. Обама оның құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қарауыл әскерін аралады.

Президентке әскери құрылыс саласындағы қызметі үшін медаль тапсырылды. Таныстыруды генерал Данфорд өткізді, ол Барак Обаманың Жоғарғы бас қолбасшы ретінде атқарған қызметін жоғары бағалады.

Ақ үйдің сайтында АҚШ президентінің жеткен жетістіктері туралы жазылды. Онда терроризммен күрес және Усама Бен Ладеннің көзін жою, Ресейдің агрессивті ұмтылысын тежеу секілді атқарған істері жайлы айтылған.

Обама "әлемдегі ең қуатты әскерге бас қолбасшылық етуден асқан мәртебе жоқ" екендігін атап өтті.

2017 жылдың 20 қаңтарында Барак Обама АҚШ президенті қызметінен кетеді. Оның орнына Дональд Трамп келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір