Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3727 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:05

Мирзияев жемқорлықпен күрес туралы заңға қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 3 қаңтарда "Сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңға қол қойды, заң жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Құжатта мемлекеттік басқару саласындағы жемқорлықпен күрес тәсілдері сипатталған. Солардың арасында: мемлекеттік органдардың есеп беруі мен ашықтығын қамтамасыз ету, парламенттік және қоғамдық бақылау, қызметтегі адамдардың жұмысын бағалау, байқау арқылы жұмысқа қабылдау әдістері бар. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі мен оларды әлеуметтік және материалдық қорғау есепке алынады.

Әлеуметтік-экономикалық және кәсіпкерлікті дамыту саласында әкімшілік, бюрократиялық кедергілер жойылады.

Заң мемлекеттік орган қызметкерлеріне сыбайласқан жемқорлыққа қатысы бар жағдайлардың барлығын басшылыққа немесе құққыққорғау органдарына хабарлауды міндеттеді. Мұндай міндеттемелерді орындамағандар заң алдында жауап береді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052