Жұма, 9 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3986 0 пікір 6 Қаңтар, 2017 сағат 10:03

Атамбаев Пекинде темір жол құрылысын талқылайды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жұмыс бабымен Қытайға барады. Президент аппараты ақпараттық саясат бөлімінің басшысы Алмаз Үсеновтың айтуынша, Атамбаев бастаған Қырғызстан делегациясы Пекинге бүгін түстен кейін жол жүреді.

Сапар барысында қытай басшылығымен екі жақсы кездесулер өткізіліп, қырғыз-қытай әріптестігін дамыту мәселелері талқыланады, деп хабарлады Үсенов.

Хабарларға қарағанда, тараптар Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жол құрылысын талқылайды. Бұған дейін Өзбекстан мен Иран басшылары осы жобаға қатысты Қырғызстан ұстанымын қолдаған болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2002
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2921