Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4839 0 пікір 27 Желтоқсан, 2016 сағат 10:28

Ауылшаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 9,8 миллиардты құрады

Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық саласы биылғы жылды табысты қорытындылағалы отыр. Мәселен, желтоқсан айындағы мәліметтерге сүйенсек, осы жылы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 415,8 миллиард теңгеге жетіп, көлем индексі 103 пайызды құрады. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы хабарлайды.

Биыл ауыл шаруашылығында негізгі капиталға тартылған инвестициялардың көлемі 9,8 миллиард теңгені құрап, өсім 2,3 есеге артқан екен. ОҚО әкімдігінің Ауылшаруашылық басқармасының деректеріне назар аударсақ, ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың гектарға орналастырылған. Оның ішінде негізгі саналатын егіс көлемі, яғни дәнді дақылдар – 260 мың, майлы дақылдар – 80,8  мың, көкөніс – 40,4 мың, бақша – 59 мың, картоп – 15,3 мың, мақта – 109,6 мың және жеміс-жидек пен жүзім 30 мың гектарды құрады. Биылғы жылы орташа есеппен 676 мың тонна дәнді дақыл жиналды, орташа түсімділік – гектарына 26 центнерден айналған.

Сонымен қатар биыл Оңтүстікте 963 тонна көкөніс, 1413 тонна бақша, 277 мың тонна картоп, 281 мың тонна жеміс-жидек және 64,2 мың тонна жүзім жиналыпты. Жылыжай көлемі тағы да 96 гектарға артып, жалпы көлемі 1121 гектарға жеткен. Желтоқсандағы статистикаға қарасақ, биыл аталған 160 мың тонна өнім жиналды. Осылайша Оңтүстік шаруалары 2016 жылды толағай табыспен қорытындылап отыр.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616