Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5464 0 пікір 25 Желтоқсан, 2016 сағат 16:36

Төлебиліктер жылды төтенше табыспен қортындылап жатыр

Оӊтүстік Қазақстан облысы ныӊ Төлеби ауданында 61265 гектар жерден өнім алынды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат Оӊтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданыныӊ әкімі Бұхарбай Пармановтыӊ сөзіне сүйене отырып.

Оӊтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданыныӊ әкімі Бұхарбай Пармановтыӊ мәлімдеуінше, ағымдағы жылы ауданда  20613 гектар жерге бидай мен арпа егіліп, 55591 тонна өнім жиналған.
Төлебилік дихандар биылғы жылы 11439 тонна майлы дақыл, 15000 тонна картоп, 16400 көкөніс жинаған. Сондай-ақ биыл 28278 гектарға көп жылдық мал азықтық дақылдар егілсе, 5370 гектарға жаӊа жоӊышқа егілген. 

Жеміс-жидек және жүзім алқаптарын 2100 гектарға жеткізу бағытында жұмыстар атқарылып, биыл қосымша 169 гектарға көшет отырғызылған. Тамшылатып суару әдісі бойынша егіс көлемі биыл 325 гектарға жетіп, қосымша 1,52 га жерге жылыжай салынған. 2016-2017 жылғы мал қыстату науқанына қажетті 241 мыӊ тонна мал азығы әзірленіп, жоспар 110 пайызға орындалған. 

"Соӊғы 5 жылдыӊ көлемінде ауданымыз облыс бойынша астық және майлы дақыл өндіру бағытында 1-2 орындардан көрініп келеді. Ауа райыныӊ қолайлы болуына байланысты астық, майлы дақылдардыӊ көлемі өткен жылдарға қарағанда артығымен жиналды. Сонымен қатар, өткен жылы 4500 тонна жеміс-жидек жиналса, биыл 20500 тонна өнім жинадық",- деді Бұхарбай Парманов мырза Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне. 

Биылғы жылы жоспарланған 42 ауылшаруашылығы техникалары толығымен алынды. Одан бөлек, ауылдарда 1 кәсіпкер өз қаражаттары есебінен МТС ашып, жұмыстар жүргізуде. 

2016 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, "Төлеби су шаруашылығы" МКК есебінен жалпы 17 канал механикалық жөндеуден өткізіліп, 9,5 шақырым арық, 2 лоток және 51 метр құбыр қойылды. 

Айта кетейік, Төлеби ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ОҚО ауылшаруашылығы басқармасынан 23 канал ұсынылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299