ОҚО-ның индустриялық аймақтарында 83 жобаны жүзеге асыру көзделген
ОҚО-ның индустриялық аймақтарында 83 жобаны жүзеге асыру көзделген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Оңтүстік Қазақстан облысында күн тәртібіннен түспей келе жатқан индустриалды аймақтардың мәселелері мен 2016 жылға арналған негізгі капиталға бағытталған инвестиция көрсеткішінің орындалу барысы және жылыжай шаруашылығын дамыту мәселелері әрдайым назарда.
Облыс әкімі әрдайым аудан, қала әкімдіктерімен болған кездесулерде индустриялық аймақ, жылыжай және инвестиция салаларына әлі де көп көңіл бөлу керектігін айтып келеді. Жалпы, облыстағы индустриялық аймақтарда 83 жобаны жүзеге асыру көзделсе, бүгінге дейін соның 42-і ғана орындалған. Ал, экономикаға инвестиция тарту өткен жылға қарағанда 40 миллиард теңгеге кеміген. Жері шұрайлы, ауа райы қолайлы өңірдегі жылыжай өндірісінде ілгерілеу аз.
Cондай-ақ әкім оңтүстіктегі жылыжайдың отаны саналатын - Сарыағаштан бөлек, барлық аудан, қалаларда жылыжай өндірісіне жете мән беру керектігін айтып келеді.
Абай-ақпарат