Төлебилік диқандар астықты ысырапсыз жинап алды
Ауыл шаруашылығы бидай өсіруге маманданған Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданында егін ору науқаны аяқталып, жыл қорытындыланды. Бейнеттің, төккен тер мен жасалған күтімнің мол жемісіне қарық болған төлебилік диқандар жылды табысты аяқтаған. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Соңғы деректерге назар аударсақ, биылғы жылы ауданда 20 мың гектарға жуық жерге астық егілген.
Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Соның нәтижесінде Шаруалар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құйды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жалпы ауданда 19 859 гектар жерге астық егілсе, оның 12747-сі бидай, ал 7112 гектары арпа. Бүгінде шаруаларегілген арпан мен бидайды толық жинап алды. Гектарына 24-26 центнер өнім алуды жоспарлап отырған диқандар өнімнің түсімі былтырғы жылмен салытырғанда 23,5 пайызға артқанын айтады. Алтын орақ кезінде 75 комбайн, тасмалдаушы 153 жүк автокөліктер жұмылдырылған. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген.
Абай ақпарат