Оңтүстік шаруалары 100 тоннаға жуық дәнді дақыл экспорттады
Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін мол өндіретін Республикамыздағы астықты аймақ саналатыны белгілі. Соның дәлелі Теріскейдің шаруалары биыл Өзбекстанға 100 тоннаға жуық астық өнімдерін экспорттаған. Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы есеп бойынша Оңтүстік шаруалары 92 мың тоннадан астам дәнді дақыл өнімдерін алыс-жақын шетелдерге экспорттауды қолға алған.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Оңтүстік Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына 92,4 мың тонна дәнді дақыл экспортталды, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Облыста өсімдік шаруашылығы өнімін дамытудың маңызды бағыттарының бірі астық өсіру болып табылады. Ай сайынғы мониторинг жұмысына сәйкес, 2016 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша, облыста дәнді- дақылдар 121,1 мың тоннаны құрады.
Жыл басынан бастап 1025,1 мың тонна астық кіріске алынды, оның ішінде сатылым – 943,4 мың тонна, тұқымға – 8,5 мың тонна мен жем-шөпке-73,2 мың тонна. Олардың негізгі үлесі 89,3 пайыз.
Департаментте ағымдағы жылдың басынан бастап облыстан 92,4 мың тонна дәнді- дақыл экспортталғаны айтылды, ол өткен жылғымен салыстырғанда 12,1 пайызға көп. Астық Өзбекстан Республикасына экспортталды. Ал астықтың импорты 0,1 тмың тоннаны құрады, астық Ираннан әкелінді.
Abai.kz