Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4282 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 12:19

ОҚО-да көкөніс пен жеміс-жидектің 70 түрі өсіріледі

ОҚО-да көкөніс пен жеміс-жидектің 70 түрі өсіріледі, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Бұл - статистика. Алайда осы 70-тің шамамен 10-12 түрі ғана кең таралған.

Жалғыз картоп-пиязбен алысқа бармасымыз аян. Сондықтан адам ағзасына аса пайдалы аскөк, сарымсақ, жуа, орамжапырақ, бұрыш және тағы да басқа «шөп-шалам» алқабын ұлғайту қажет.

Республиканың оңтүстігінде жоғарыда аталған көкеністердің барлығы дерлік өседі. «Ең бастысы - әуелі өзімізді жарылқау, қалып жатса, артығын сыртқа шығару - ертеңгі күннің еншісі» деген қағидамен жұмыс істейтін мақтаралдық диқандар жылдан жылға өндіріс көлемін ұлғайтуға күш салып жүр.

Мақтаарал ауданындағы бау-бақша өнімдерін баптаумен айналысатын шаруа қожалықтарының бірі «Хайет» серіктестігі. Бүгінде жиналған өнімін экспортқа шығарып жатқан қожалық иесі 40 гектар жерге қауын-қарбыз еккенін, оның 10 гектары қарбыз, 30 гектары қауын екенін айтты.

Биылғы жылы еккен егіннен мол өнім алып 1 гектардан 20 тонна мырзашөл қауынын алған. Ал жалпы 40 гектардан маусымына 1200 тонна қауын-қарбыз жинаған. Осылайша, жылдағымен салыстырғанда өнімді молынан алып жатқан мақтаралдық диқандар ала жаздай еңбектерінің ақталатынына қуанышты. Диқандар 350 мың тонна көкөніс, 120 мың тонна картоп, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинаған.

Олар өздерінің өнімдерімен еліміздің барлық өңірлерін қамтып, артық өнімдерді Ресей мемлекеті мен солтүстік облыстарға жөнелтуде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377