Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3503 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 11:43

530 гектар жүзімдік бағынан 30 мың тонна өнім алды

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Қызыл жар» өндірістік кооперативінің төрағасы Жақсылық Дүйсебаев 530 гектар жүзімдік бағынан 30 мың тонна өнім алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Қазір облыста ауыл шаруашылығын дамыту арқылы ел ахуалы жақсарып келеді. Жуырда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Қазғұрт ауданына жасаған сапары барысында «Амангелді» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысқан болатын. Шаруа қожалығының ілкімді ісіне тәнті болған әкім өңірде бау шаруашылығын дамытуды тапсырған-ды. Осыған орай, Қазығұрт ауданында облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылған. Оған Шардара, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының дихандары қатысты.

Төрт құбыласы тең «Амангелдінің» көкөніс қоятын кең қоймасы бар. Онда жаз бойы еткен еңбектің өтеуіне тең өнімнің сапасын жоғалтпай сақтауға болады. Серіктестік соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Семинар барысында өзге аймақтардан келген шаруалар саладағы озық әдіс-тәсілмен танысты. Ал, сарағаштықтар болса, мұндай шараның жер емген диқандар үшін берері мол дейді. Осы арқылы ауылшаруашылығы саласында кездесетін қиындықтарды бірге еңсермек.

«Қызыл жар» өндірістік кооперативінің төрағасы Жақсылық Дүйсебаевтың айтуынша, ол жылына әр түрлі жеміс ағашының 100 мың данасын сатылымға шығарады. Ол үшін кәсіпкер мемлекет қолдауына иек артты. Қазығұрт ауданының дихандары да биыл толайым табысқа жетті. 530 гектар жүзімдік бағынан 30 мың тонна өнім алды. Ал, жеміс жидек 1080 тонна. Қазір жергілікті өнім Алматы, Астана мен Ресей мемлекетіне жол тартуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383