Тұрақты ауылындағы тұрғындардың қуанышы
Оңтүстік Қазастан облысы, Бәйдібек ауданындағы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне Елбасының «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықтың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес іске асып жатқанын хабрлады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлының сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Бәйдібек ауданына қарасты Тұрақты ауылында жаңа жол салынатын көрінеді. Сондай-ақ аталған елді мекенде 2017 жылы жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Жуырда тұрақтылықтардың жүріп-тұруына ыңғайлы етіп жасалған көпір құрылысы пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Танағузов Бахтбек Төленұлы Abai.kz ақпараттық порталының тілшісіне жаңа көпірдің құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аудандық бюджеттен қаржыландырылып құрылысы басталғанын айтып отыр. Аудан бюджеті арқылы қаржыландырылған көпір құрылысы аз уақыттың ішінде ел игілігіне жарады дейді аудан әкімі. Жалпы ауданда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай 25 нысан аудан халықның игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланған екен. Желтоқсан айында сол 25 нысанның 23-і аяқталды. Бәйдібек ауданында болған Abai.kz ақпараттық порталының тілшісі өңірде өзге де игілікті істердің қолға алынып жатқанына куә болып қайтты.
Шахмұрат Молдабек
Абай-ақпарат