Жылыжайда жүзім өсіріп жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қоссейiт ауылында соңғы уақытта жүзiм өсiрiп, үйiнен жылыжай салушылар қатары молайып тұр, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Былтырдан бастап барлығы 13 гектар алқапқа жүзiм көшетiн отырғызып жатқан Қабылан Жұмабектiң шаруашылығы дамып келеді. Жапырағын жайқалтып үлгерген баудың өсiмi жақсы көрiнедi. Қабылан Райымбекұлы алдағы уақытта жүзiмдiк алқапқа тамшылатып суару әдiсiн енгiзуге әрекет жасап отыр. Сонымен бiрге iрiлендiру жұмысымен де айналысып жатыр екен. Бүгiнгi күннiң талабы – кооперативке бiрiге отырып, мемлекет тарапынан берiлетiн көптеген жеңiлдiктердi пайдалану екенiн жете ұғынған Қабылан мырза бұл жұмыста кездесетiн қиындықтарды да айтып өттi. Үйiргелiк жылыжай көлемiн одан әрi ұлғайтып жатқан Нәдiр Қосановтың тiрлiгiне риза болдық.
Алғашында 10 сотық жерге жылыжай жасап, көк-сөк еккен Қосановтардың отбасы өнiмдi өзiнен шығарса көл-көсiр пайда болатынына көздерi жеткен. Сондықтан да биыл тағы да ауласындағы жылыжай көлемiн кеңейтiптi. Алдағы уақытта атамұраға алған жерiнен 50 сотық жерге жылыжай жасап, ауылды көкөнiспен қамтамасыз етуге тәуекел жасап отырған Нәдiр Қосановтың еңбекқорлығы басқаларға үлгi болатын тiрлiк екенiн аудан басшысы атап көрсеттi. Ауылымызда оысндай ауыл шаруашылығын дамытып отырған азаматтардың барын мақтан тұтамыз.
Абай-ақпарат