Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2945 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:47

ОҚО-да тұрақты түрде сүт өткізуден табыс алатын 30 682 адам бар

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы өз жемісін беруде. Мәселен, ОҚО-да тұрақты түрде сүт өткізуден табыс алатын 30 682 адам бар, - деп хабарлайды Абай-ақпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарына 5 жыл мерзімге төмендетілген мөлшерлемемен берілетін қаржы шалғайдағы жұртшылықтың жағдайын оңалтуда. Тиімді ұсынысты қабыл алып кәсібін көркейткендердің  бірі Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы Әбдіромановтар отбасы. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көрген шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен тілшіміз танысып қайтқан болатын.

Әбдікәрім Әбдіроманов 2013-ші жылы лизинг бағдарламасы бойынша 2 дана МТЗ-82/1 маркалы трактор алып 55 гектар егістік жерін өзі өңдеп табыс табады. Ал 2015-ші жылы жаңа бағдарлама бойынша  «Ырыс» шағын қаржы ұйымы арқылы 3 жылға 3 млн теңге несие алған. Екі ұлы мен зайыбын жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер алдағы уақытта шаруасын кеңейтпек ниетте.

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы тұрақты жұмыс орындарын ашуға, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде отбасылық бизнесті дамытуға зор мүмкіндіктер ашады. Жоба «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы іске жүзеге асырылуда.

Бағдарламаны іске асыру басталғалы бері 34,5 мың тонна ет, 40,2 мың тонна сүт өндіріліп. 11 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Одан басқа тұрақты түрде сүт өткізуден табыс алатын 30 682 адам бар.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417